20
март
2021
«Зияткерлік күніне» орай өткізілген іс-шараның
20 наурыз «Зияткерлік күніне» орай өткізілген іс-шараның
«Ө.Жаңабаевв атындағы орта мектеп»КММ-де мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Наурыз» мейрамын тойлау тұжырымдамасы бойынша 20 наурыз «Зияткерлік күніне» орай мектебімізге "Зияткер" интеллектуалды пікірсайыс клубы жетекшісі Іңкәр Алмабектің ұйымдастыруымен "Білімге құштар жас өрен" атты мектепшілік іріктеу ойындары өтті.
Бұл палата (БП) білім беру бағдарламасына жаңашылдық бағыт енгізген дұрыс деп есептейді, жастардың саяси сауаттылығын арттыру жолдарын ұсынады, болашақ үшін ең үлкен инвестиция құятын саланы көрсетеді тақырыптары бойынша өрбіді. Ойынға 11-сынып оқушылары Темірболат Ақниет, Қабдулда Самат мүшелік еткен "Pride" фракциясы және Әлімғожа Нарын мен Абиыр Аружан мүшелік еткен "Жеңімпаздар" фракциясы өз позициялары бойынша ойын өрнегін көрсетті.
Турнир жастардың патриоттық сезімдерін көтеруге, ұлтқа деген жанашырлықпен, білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Ойыншылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, тақырыптар дөңгелек үстел барысында ашыла түсті