14
январь
2025
«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты 7-11 сынып білім алушылары арасында байқау ұйымдастырылды.
Мектебімізде жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, техникалық және ғылыми бағыттарға қызығушылығын арттыру, өнертапқыштық қабілетін қолдау арқылы жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға жол ашу мақсатында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты 7-11 сынып білім алушылары арасында байқау ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларын немесе қолмен жасалған техникалық жобаларын таныстыратын болады. Осындай жобаларға қолдау көрсету, бағыт бағдар беру үшін информатика пәнінің мұғалімдері Н. Орынбай және А. Ерғожаева жасанды интеллект туралы және оны әр бағыттарда қалай қолдануға болады деген сұрақтарға жауап беріп таныстырылым жасады.
Бұл іс-шара жаңа ойларды, жасампаздықты және ғылым мен техника саласындағы шығармашылық қабілеттерді ынталандыруға бағытталған. Жоба 13-24 қаңтар аралығында кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Бұл іс-шара жаңа ойларды, жасампаздықты және ғылым мен техника саласындағы шығармашылық қабілеттерді ынталандыруға бағытталған. Жоба 13-24 қаңтар аралығында кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.