01
сентябрь
2023
" Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында болып өтті.
Өжек Жаңабаев атындағы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны " Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында болып өтті. Аталған шараға мектептің "Қамқоршылық" кеңесі төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, ардагер ұстаздар Көбенбаева Құралгул Тоқарбайқызы, Текесбаева Айсара , Әкімбекова Күлсара қатысты. Жиынның алғы сөзінде мектеп директоры Жетібаева Динара Сейітқожақызы мектеп ұжымын, ата - аналар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаз айларында жетістікке жеткен мұғалімдер мен оқушыларды марапаттады. Аталған мектеп 2023-2024 оқу жылын 530 оқушымен бастап отыр. 1 - сыныпқа 52 оқушы қабылданып, 11- сыныпты 27 оқушы бітіргелі отыр.