18
январь
2024
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» тақырыбында кезекті дебат өткізілді.

Мақсаты:
1. Мемлекеттік тіл - қазақ тілін құрметтеу, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізе білуге, өз ойын ашық айтуға үйрету.
2. Қызығушылықтарын арттыра отырып, тыңдау қабілеттерін дамыту;
3. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өз ана – тілін сүйе білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Дебат барысында оқушылар екі фракцияны қорғап, даттаушы тобы, жақтаушы тобы болып бөлінді. Дебат өз талабына сай ұйымдастырылған, жаңа технологияларды пайдалана отырып, тиімді қолдана білді. Екі топта жақсы әзірлікпен келген. Әрбір спикер өздерінің қорғаған резолюциясына, нақты аргументтерімен дәлел келтіріп отырды. Сонымен қатар осы тақырып аясында оқушылар арасында жүргізілген сауалнама, бейнебаян, мониторингілері тақырыптың мәнін аша түсті. Сыныптан тыс шараға оқушылар белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алатындықтарын көрсетті.