"Қарттарым -қазынам" атты қарттар күніне арналған онлайн көрсетілім
Қарттарым жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен, Оқитын келешекте бір-бір дастан. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Арғы-бергі тарихты аударып көрсек біздің далада түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі деген ұғымдар болмаған екен. Әйтсе де, қазір жағдай мүлдем басқа. Заманның ырқы солай ма, жоқ әлде адамдардың санасы өзгерді ме кім біслін, әйтеуір қалаларымыз қарттар үйі мен жетімдер үйіне толы. Қариясын құрметтеп,