«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстарға талдау
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстарға талдау
2021-2022 оқу жылы атқарылған оқу-тәрбие жұмыстары бойынша
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
2021-2022 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мектебіміз әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алды.
2021-2022 оқу жылын мектебіміз 560 білім алушымен бастады. Жалпы мектеп бойынша 26 сынып комплектісі бар , мектепалды даярлық тобында 37 бала 2 топпен оқыды. Жыл басында 71 бала, егов арқылы 1-сыныпқа қабылданды.
Жыл ішінде 26 оқушы келді, 28 оқушы басқа мектепке ауысты. Жыл соңын -556 білім алушымен аяқтап отырмыз. Бастауыш сыныпта 238/110, 5-9 сыныпта 249/114, 10-11 сыныпта -69/31 білім алушы отыр.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Білім сапасы –білімнің көрсеткіші десек , ІІ жартыжылдық бойынша оқу озаты-79/53 Оқу екпіндісі-242/140 болып отыр. Жылдық қортындысы бойынша оқу озаты- 86/58, оқу екпіндісі- 245/135
Білім алушылардың ІІ жартыжылдық бойынша - 67 %, үлгерім 100 пайыз болса, жылдық білім сапасы -69,4 %. І жартыжылдықпен салыстырғанда 4 % өсіп отыр.
1-4 сыныптарда жылдық бойынша 71 %, 5-9 сыныпта -64%, 10-11 сыныпта 72 %,
1.Сапа көрсеткіштері ең жоғары сыныптар: 88-69 пайыздың арасы.
1. 11 «ә» сыныбы 88%, сынып жетекшісі- Қыдырбекова Б
2. 11 «а» сыныбы 82 %, сынып жетекшісі – Мырзаханова Б
3. 5 «а» сыныбы 77 %, сынып жетекшісі- Тоқсанова А Маматаева С
4. 3 «ә» сыныбы 76 %, сынып жетекшісі- Жақан А
5. 3 «а» сыныбы 80 %, сынып жетекшісі- Бәзілбаева К
6. 4 «ә» сыныбы 75%, сынып жетекшісі- Абдикаримова А
7. 2 «ә» сыныбы 75%, сынып жетекшісі- Оңғарова Н
8. 8 «а» сыныбы 74%, сынып жетекшісі- Жарқымбекова Д
9. 6 «ә» сыныбы 73 %, сынып жетекшісі – Чүйкебаева Ә
10. 2 «а» сыныбы 73 %, сынып жетекшісі- Ахметова Д
11. 3 «а» сыныбы 72 %, сынып жетекшісі – Бәзілбаева К
12. 3 «б» сыныбы 72 %, сынып жетекшісі – Аялхан Г
13. 10 «а» сыныбы 70 %, сынып жетекшісі- Жақыпбайұлы Ж
2.Білім сапасы 67-60 пайыздың арасындаағы сыныптар:
14. 4 «а» сыныбы 67 %, сынып жетекшісі- Аялхан Г
15. 5 «ә» сыныбы 66 %, сынып жетекшісі- Жазаев А
16. 7 «а» сыныбы 61 %, сынып жетекшісі- Сулеева Л
17. 7 «ә» сыныбы 61%, сынып жетекшісі- Нарынбаев Е
18. 9 «ә» сыныбы 61 %, сынып жетекшісі- Тұрлыханова Қ
3.Білім сапасы төмен төмендегі сыныптар болды. 59-50 пайыздың арасы
20. 9 «а» сыныбы 59 %, сынып жетекшісі- Оразалива Ғ
21. 5 «б» сыныбы 58%, сынып жетекшісі- Қабылбекова М
22. 6 «б» сыныбы 57 %, сынып жетекшісі- Ерғожаева А
23. 10 «ә» сыныбы 57 %, сынып жетекшісі- Садакбарова Л
Биылғы оқу жылында 56 білім алушы 4-сыныпты аяқтап, 70 пайыз болса, 9-сыныптарды 45 білім алушы 61 пайыз білім сапасымен аяқтап негізгі мектеп бітіру, 11 сыныптарды -28 білім алушы 82 пайыз білім сапсымен аяқтап жоғарғы орта аттестатын алады.
5 а-11 а сыныбы бойынша 1,2,3,4 - тоқсан және жылдық есеппен «үздік» бағамен шыққан Бейсембай Мейрамбек пен Нұрланқызы Дариға «Алтын белгі» төсбелгісіне және Карл Балжан мен Халық Зере «Үздік аттестатқа» , 9- сыныптар бойынша Темірболат Дильназ «Үздік аттестатқа» үміткерлікке өтіп, өз білімдерімен қорғап, үздік баға алып, қорғап отыр.
тоқсан | Оқушы саны | Білім сапасы | Оқу озаты | Оқу екпіндісі |
І тоқсан | 555 | 61 | 59 | 234 |
ІІ тоқсан | 554 | 63 | 65 | 241 |
ІІІ тоқсан | 553 | 67 | 79 | 242 |
ІҮ тоқсан | 556 | 67 | 79 | 248 |
жылдық | 556 | 69 | 87 | 245 |
Келген-кеткен оқушылардың есебі мерзімінде жүргізіліп, анықтамалары түгенделіп, реттелінді. ҰБДҚ деректер қорына, алфавиттік кітапқа, сынып журналдарына өз уақытында толтырылып, есепке алынып және шығарылып отырылды. Оқушы құжаттары реттелініп, толықтырылды.
Соңғы үш жылдық білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші төмендегідей:
Оқу жылы | Сынып комплектісі | Оқушы саны | сапа | Оқу озаты | Оқу екпінділері |
2019-2020 оқу жылы | 25 | 525 | 66 % | 107 | 240 |
2020-2021 оқу жылы | 25 | 529 | 68 % | 99 | 230 |
2021-2022 оқу жылы | 26 | 556 | 69% | 87 | 245 |
Оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша мониторинг жүйемен жұмыс жасауда туындаған қиындықтар:
оқушы контингентінің үнемі өзгеріп отыруы;
оқушының табандылық қасиетінің аздығы;
жаңалыққа ұмтылыстың төмендігі;
көркем әдебиетті оқудан гөрі ғаламтор ақпаратттарына сүйенуі.
Жыл ішіндегі білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру барысында қаңтар айынан бастап 5-11 сыныптар арасында 5 балаға дейін, наурыз айынан бастап 15 балаға дейін сабақтарынан тыс уақытта оқудағы қиын мақсаттарды игеруге, пәндерден қосымша сабақтар ұйымдастырылды.
26 мамыр мен 19 маусым аралығында да ата- ана өтініші негізінде мектебімізде «жазғы мектеп» ұйымдастырылады. 3-10 сыныптар арасында негізгі пәндерден сабақ кестесі бойынша сабақ ұйымдастырылады. Мамыр айында «Жазғы мектепке» ата- ана өтініші алынып, жұмыс шарасы, пәндер бойынша күнтізбелік жоспар жасалынды. «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар; ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек »- деп Мұхтар Әуезов айқандай «жазғы мектепте» әуелі барлық ниетімізді өз жауапкершілігімізге алып, күш сала отырып, тәртіпке келтіріп, білім алушылармыздың сабаққа қатысуын, белсенділіктерін көтеруді, басқа да кедергілерді жоюмен жұмыс жасасақ.
2.Мөлтек аудан бойынша жүргізілген жұмыстар.
Міндетті білім беру негізінде мектепке бөлінген ауданға 25 көше бойынша 3 тамыз 2021 жылғы № 93 бұйрығымен 50 мұғалім бөлінді. Бөлінген мұғалімдерге мөлтек аудан бойынша жүргізілетін жұмыс шарасымен таныстырып, түсіндірілді. Жыл ішінде 2 рет толығымен араланып, нақты есебі алынды. Бөлінген көшелер үнемі назарда болып отырады. Мектеп жасындағы балалардың мектепке толық қамтылуы қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, 0-6 жастағы балалардың балабақшаға, шағын орталыққа тартылуы да анықталды. Басқа мөлтек ауданға барып оқитын балалар анықталып, есебі жүргізілді.
Жоғары оқу орнында және колледж, кәсіптік лицей мектептерінде оқитындардың анықтамалары алынып, реттеліп отырылды.
0-18 жастағы балалардың тізімі мен есебі алынып, ауыл әкімшілігі мен емхана бөлімімен салыстырылып, реттеліп отырылды.
Мөлтек аудан бойынша: барлық оқушы-1123, Мектепте оқып отырғандары-698, басқа мектепке барып оқитындары-278, басқа мөлтек ауданнан келіп оқитындары-153.
3.Үйден оқыту
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауылының №7 Облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұжырымы және «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 27.08.2020 жылғы № 131 және 13.09.2020 жылғы №143 бұйрықтарына сәйкес 4 білім алушы үйден оқытылады. 6- сынып білім алушылары Бесімбай Нұрдаулет пен Амирбек Бексұлтандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18.08.2017 жылғы №422 бұйрығының 4- қосымшасымен, ал 1- сынып білім алушысы Тоқтасын Нүркен Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15.07.2016 жылығы №453 бұйрығының негізінде жалпы мектеп бағдарламасының қысқартылған оқу түрімен, 2- сынып білім алушысы Нұрлыбек Алинур көмекші мектеп бағдарламасымен оқытылады.
Жыл ішінде үйден оқитын білім алушылардың үй-жайы мен мұғалімдердің сабақ өткізуі мектеп әкімшілігі тарапынан екі рет тексеріліп,әкімшілік отырысында тыңдалды.
Пән мұғалімдері үйден оқитын оқушылардың жай-күйі, сабақ қабылдауы туралы бір рет мектеп әкімшілігінде есеп берді. Көмекші бағдарламамен оқитын оқушылар Амирбек Бексұлтан мен Нұрлыбек Алинур, Бесімбай Нұрдәулетке динамикалық бақылауды әр пән иесі үнемі жүргізіп отырады.
Бексұлтан мен Нұрдаулет математика пәнінен 20-ға дейінгі сандарды меңгергенімен, жазу қабілеті төмен, тез ұмытады, жазуға қол икемі толық келмейді. Мектеп психологы үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Компьютерді жақсы меңгерген.
Алинур мұғалім көмегімен жаза алады, айтады. Тез ұмытады. Үнемі қадағалауды қажет етеді. Математикадан 10-ға дейін санайды, есептеу қабілеті орташа.
Тоқтасын Нүркен мұғалім көмегімен жазады. Тез ұмытады.
Қорыта келгенде, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, үнемі назарда ұстап отыру қажет.
Жалпы мектеп бағдарламасымен оқитын 2 білімалушы 1 және 2 сыныпта
Жеңілдетілген мектеп бағдарламасымен 2 білімалушы 1 және 2 сыныпта
Мектептегі көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап көрсетілген.Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық салада, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Білім беру ұйымдарында жалпы мемлекеттік қызметтің 7 түрі бар. Жыл басында бұйрық шығарылып, жұмыс шарасы жасалынды. Өзіне- өзі қызмет ету бұрышы ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі ұйымға, яғни мектепалды даярлыққа -37 бала, 2- 11 сыныпта мектепке ауысу мемлекеттік қызметі жыл ішінде 13 бала келіп, 13 бала кеткені қағаз түрінде жүргізілді. Үйден оқитын 4- оқушының да өтініштері қағаз түрінде алынды. Тегін ыстық тамаққа тартылуды да қағаз түрінде жүргізілді 1- сыныпқа 2021-2022 оқу жылына 1сәуірден бастап 42 баланың ата- анасы электронды өтініш беріп, толық қабылданды. Жыл ішінде дубликат аттестатқа 4 адамнан өтініш түсіп, мерзімінде қанағаттандырылды.
Жыл ішінде жоғалған аттастаттарды алуға түскен 4- өтініш қаралып, қайталама аттестат уақытымен берілді. Жалпы жұмыс жоспарындағы жұмыстар толық орындалды. Ата- аналарға және жаңадан келген мамандарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы кеңес—семинарлар өткізілді. Биылғы жылға 1- сынып білім алушыларын қабылдауға арналған онлайн вебинарлар өткізілді. Мектебіміздің директорының 1- сыныпқа қабылдау мақаласы аудандық «Қарақара» газетінің номеріне шықты. Мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы жаңартылып отырды.
«Күнделік кз» электронды журналының жүргізілуі туралы
Мектебіміз 2018-2019 оқу жылынан бастап «күнделік кз» электронды журналына кірген. Биылғы жылы үш жыл болып отыр. Мұғалімдер, білім алушылар, ата аналар да күнделікте жұмыс істеу дағдыларын толық меңгерген. Жыл ішінде күнделікке кіру, толтыру, жүргізу белсенділіктері бойынша ауданда үнемі бірінші орында келеміз. Күнде кешке уақытта белсенділік сатистикасы шығарылып, толтырмаған әріптестерге ескертіліп мерзімінде орындатылып отырды. Барлық мектептегі негізгі құжатар күнделік жүйесіне жүктелген. Мектеп туралы деректердің толтырылуы да толықтырып, өзгеріп отырды. Келген, кеткен оқушылар дәл уақытында ҰБДҚ деректер қорымен сәйкестендірілді. Айына 1- рет журнал тексеру бойынша кеткен кемшіліктер қаралып, пән иелеріне, сынып жетекшілеріне ескертіліп түзету жұмыстары жүргізілді. Өрескел кеткен кемшіліктер бойынша тиісті адамнан түсінік алынды.
Ұсыныс
-Пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы сапалы білімге қол жеткізу
-Бүгінгі күн талабына сай білім беру үрдісін ақпараттандыру
-Қазіргі қоғамға тән білім беру үрдісін ізгілендіру, дербестендіру және саралау нәтижеге бағытталған білім беру
-Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін сабақ өту процесінде қолдану.
-Ұжымда шығармашылық ахуал тудырып, мұғалімдерді ғылыми – зерттеу іс-әрекетіне баулу;
1.2021-2022 оқу жылының жыл басында мектепте 67 мұғалім болды, оның 4 мұғалім декретте, 63 жұмыста болды. Жыл ішінде 3 мұғалім ауысып кетіп, 2 мұғалім келді. 2 мұғалім декреттік демалыстан шығып, 3 мұғалім декреттік демалысқа кетті.
65 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім арнаулы орта білімді. 5 мұғалім жоғары санатты, , 1 мұғалім І санатты, 2 мұғалім ІІ санатты, 16 мұғалім санатсыз болса,педагог- зерттеуші-8, педагог-сарапшы-18, педагог-модератор-19.
жыл | Мұғалім саны | Жоғарғы білімді | Жоғарғы санатты | І санат | ІІ санат | с\з | Зерт теу ші | Са рап шы | Моде ра тор | ||||
2018-2019 | 62 | 57 | 16 | 25% | 18 | 28% | 12 | 19% | 17 | 26% | 1 | 2 | 2 |
2019-2020 | 64 | 60 | 14 | 18% | 16 | 25% | 13 | 20% | 16 | 25% | 1 | 2 | 1 |
2020-2021 | 68 | 66 | 15 | 22% | 17 | 25% | 21 | 31% | 15 | 22% | 4 | 11 | 13 |
2021-2022 | 66 | 65 | 5 | 7,5% | 1 | 1,5% | 2 | 3% | 16 | 24% | 8 | 18 | 19 |
Оқу жылының басында әдістемелік жұмыстың бекітілген жоспарды басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізіліп жатыр. Мектепте 8 бірлестік жұмыс жасайды,олардың жылдық жоспарлары бекітіліп, өздерінің проблемалық тақырыптарына сай жұмыс жүргізілуде.
Жыл ішінде 4 рет әдістемелік кеңес өтті.
Тамыз айында 4 мәселе бойынша әдістемелік кеңес өтілді.
1. 2021-2022 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру.
2. 2021-2022 оқу жылының әдістемелік кеңес жұмыс жоспарын таныстыру, бекіту.
3. Орта білім мазмұныны жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін критералды бағалау.
4. БЖБ/ТЖБ құрастыру жолдары мен әдістері .
Қазан айында:
1. Білімінде олқылықтары бар оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары.
2. Курстан өткен мұғалімдер есебі.
Қараша айында:
1. Сабақты саралап оқытуды жүзеге асыру.
2. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Қаңтар айында:
1. Оқыту мен оқуда табысты сабақ құрудың шарттары.
2. Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.
Наурыз айында:
1. Тапсырмалардың оқу мақсаттарына сай құрылуы.
2. Рефлекция-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі.
2.Танымдық жұмыстар Жыл ішінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту мақсатында қыркүйек айынан сәуір айына дейін пәндік апталықтар өтті.
22 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында «Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы» тақырыбында шетел тілдер бірлестігінің аптылығы өтілді. Апталықтың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, ағылшын тілі мен орыс тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру, танымдық көзқарастарын дамыту. Пән мұғалімдері 2-4-сыныптар арасында ертегілер, 5-11-сыныптар арасында түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылды.
18 қазан мен 23 қазан аралығында «Күз- береке бастауы» тақырыбында жаратылыстану бірлестігі апталығы өтілді. Апталық барысында 5-11-сыныптар арасында танымдық сабақтар мен жарыс сабақтар өтілді. Мектептің жас мамандарымен бірлесе отырып, «Күз және біз» тақырыбында жарыс ұйымдастырылды.
15 қараша мен 20 қараша аралығында «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» тақырыбында тарих-құқық бірлестігінің апталығы болып өтті. Апталық барысында дебат, жас тарихшылар жарысы, саяхат сабақтары өтілді.
06 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында «Шебердің қолы- алтын, өлеңшінің сөзі –алтын» тақырыбында Еңбек-Өнер бірлестігінің апталығы өтілді. Апталық барысында қыз сыны, дебат сайысы, интеллектуалды ойындар өткізілді.
31 қаңтар мен 07 ақпан аралығында «Ұлы даланың дара тұлғалары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы өтілді. Ұлы тұлғалар Жамбыл Жабаев, Қадыр Мырза Әлі, Бауыржан Момышұлы, М,Мақатаев, Ф.Оңғарсыновалар поэзиясы бойынша
5-11-сыныптар арасында жарыстар мен интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.
14 ақпан мен 19 ақпан аралығында «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында техникалық бірлестік апталығы өтілді. Апталық барысында информатика, физика, математика пән мұғалімдері 4-10-сынып білім алушыларымен «Физика біздің өмірде», «Ғажайып алаң», «Компьютер -менің досым», «Информатика әлемінде», «Тапқырлар тартысы» тақырыптарында танымдық сабақтар, жарыстар, ойындар өткізді.
07 наурыз бен 12 наурыз аралығында «Спорт-Ұландар» бірлестігінің апталығы өтілді. 1-11-сыныптар аралығынад түрлі жас деңгейлеріне қарай эстафеталық ойындар, толағай жарыстары, қозғалыс ойындары, баскетболджан жарыс өтілді. «Спорт-*денсаулық кепілі» атты мұғалімдер арасында волейболдан жарыспен қорытындыланды.
11 сәуір мен 16 сәуір аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталық барысында 1-сыныптарда «Ертегілер елінде» тақырыбымен әр сынып «Шалқан, «Түлкі мен қоян», «Бауырсақ», «Ақшақар мен жеті ергежейлі» ертегілерін қойды. 2-сыныптар «Жұмбақтар елі» тақырыбында сыныптар арасында жарыс ұйымдастырды. 3-сыныптар арасында «Атадан қалған асыл сөз» интеллектуалды ойыны, «Жігітке жеті өнер де аз» жігіт сұлтаны байқауы, «Алдаркөсенің басынан кешкендері» сахналық қойылымдар көрсетті. 4-сыныптар арасында «Билер сөзі-нақылдың көзі», «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыптарында интеллектуалды ойын өткізілді.
Әр бірлестік апталығы қорытындыланып, кіші педагогикалық кеңесте қаралып отырылды.
3.Мұғалімдерді атестациялау.
2020-2021 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі , қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қаызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту» туарлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, 12 мұғалім аттестацияның жаңа форматы бойынша тесттан өтуге өтініш берді. Екі кезең қорытындысы бойынша 4 мұғалім педагог-модератор, 4 мұғалім педагог-сарапшы, 4 мұғалім педагог-зерттеуші біліктілік санатын алды.
4.Мұғалімдердің білім жетілдіруі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытудың бір жолы педагогтардың білім жетілдіру курстарынан өтуі болып табылады.
2021 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың мамыр айына дейін мұғалімкәсіби құзыреттілік және «Тиімді оқыту» мазмұны бойынша білім жетілдіру курсынан өтті. Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығынан онлайн және офлайн форматта өтті.
«Білім беру робот техникасы және электрондық құрылғыларды жабдықтау» тақырыбында информатика пәні мұғалімі Мукангожаева Гулманат Арипбаевна, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кабылбекова Макпал Советовна, Асанғалықова Айдана Нурланқызы, «Дене тәрбиесі мұғалімдерінің құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нарынбаев Ертай Алмабекович, Мәжит Елдос Санатұлы, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» тақырыбы бойынша биология пәні мұғалімі Кимадилова Айгул Смакановна, «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауғанбай Гулдана Карлқызы, информатика пәні мұғалімі Ергожаева Айнур Сембайқызы, «Физика пәнінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға негізделген тапсырмалар әзірлеу амалдары» тақырыбында физика пәні мұғалімі Бердібаева Рима Кыдырбековна, «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Кемелжанова Майра Марипжановна, Медетқызы Айелита «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша география пәні мұғалімі Кәуен Айда Маратқызы, «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыретттілігін дамыту» тақырыбында биология пәні мұғалімі Чүйкебаева Әсел Ғазизқызы, «Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Темиргалиева Жибек Бейбитқызыдары курсты онлайн, офлайн форматта оқыды.
5 .Мектепте 9 жас маман жұмыс жасайды.Жас мамандармен жұмыс басты назарда, тәлімгерлер бекітіліп 3 рет семинар, әдістемелік көмектер көрсетілді. Қыркүйек айында жас мамандар қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама бойынша жас мамандармен сұқбат жүргізілді. І жартыжылдық бойы жас мамандар сабақтарына тәлімгерлер қатыса отырып, көмектер беріп отырды. Тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысып үйрену мақсатында жас мамандарға арналған ашық есік күні қазан мен ақпан айы аралығында өтілді. Ақпан айында жас мамандардың алған тәжірибелерін көрсете отырып, ашық сабақтар өткізді. Жас мамандар ауданда , облыста өткен түрлі семинарларға қатысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздік құрдастарымен бірлесе шара өтілді. Шараға жас мамандар белсене қатысты. Ақпан айында М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» байқауы ұйымдастырылды. Сәуір айында «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбында жас мамандар байқауы өтілді. Байқауда география пәні мұғалімі Кәуен Аида Маратқызы 1-орын, бастауыш сынып мұғалімі Медетқызы Айелита 2-орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Темиргалиева Жібек 3-орын алды. Жыл соңында жас мамандар жұмыстарына талдау жұмыстары жүргізілді. Жас мамандардың пәндік курстарға қатысуы да қадағаланып отырылды.
6.Пәндік олимпиадалар. Біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне де, өзгенің ісіне де әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жағынан зор үлес қоса алатын тұлға тәрбиелеуді талап етіп отыр. Осыған байланысты бүгінгі күннің басты мәселесі- жас ұрпаққа нәтижеге бағытталған білім беру болып отыр.
Мектепте негізгі пәндерден мектепішілік олимпиада 29-30 қазан күндері өтіліп, жұмыстары тексеріліп, І,ІІ орын алған 20 оқушының жұмысы аудандық сараптауға апарылды.
14 баланың жұмысы өтіп,аудандық пәндік 14 оқушы қатысып, қорытындысы төмендегідей болды.
Осы орайда;
1.Қазақ тілі пәнінен 11- сынып оқушысы Нұрланқызы Дариға І орын (мұғалімі Жетибаева Динара Сейткожаевна).
2.Орыс тілі мен әдебиетінен 11-сынып оқушысы Халық Зере І орын (пән мұғалімі Серік Элмира Серікқызы).
3.Ағылшын тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Бақтияр Шуақ І орын (пән мұғалімі Маматаева Сауле Баяшовна).
4.Ағылшын тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Темірболат Дильназ Еркебұланқызы І орын (пән мұғалімі Жарқымбекова Динара Турысбековна).
5.Құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Асқарбек Наргиз І орын (пән мұғалімі Турлыханова Карлыгаш Бериковна), 10-сынып оқушысы Серікқызы Ұлпан І орын (пән мұғалімі Оразалиева Калия Сулейменовна).
6.Биология пәнінен 11-сынып оқушысы Кунболатқызы Дана І орын (пән мұғалімі Кимадилова Айгул Смакановна), 9-сынып оқушысы Тоқтарбекқызы Маржан 3-орын ( пән мұғалімі Чүйкебаева Асел Ғазизқызы).
7.Математика пәнінен 11-сынып оқушысы Бейсенбай Мейрамбек ІІ орын (пән мұғалімі Кыдырбекова Ботагөз Ештаевна), 9-сынып оқушысы Думан Айдана І орын (пән мұғалімі Әбділдаева Бану Болатқызы)
8.География пәнінен 11-сынып оқушысы Карл Балжан Санатқызы 3-орын (пән мұғалімі Идрисова Жаналық Даменовна), 9-сынып оқушысы Ғалымқызы Диана (пән мұғалімі Тенгебаева Айнур Турсыналиевн).
9.Химия пәнінен 11-сынып оқушысы Құрманжан Нұрай 1-орын,
(пән мұғалімі Мырзаханова Бәтіш),
10.Физика пәнінен 11-сынып оқушысы Жомартқызы Анеля 2-орын (мұғалімі Бердибаева Рима Кыдырбековна),9-сынып оқушысы Жангелді Мерхат 3-орын (пән мұғалімі Оразханқызы Айжан)
11.Информатика пәнінен 9- сынып оқушысы Дәуренқызы Іңкәр 2-орын (мұғалімі Орынбай Назима) иеленді.
Облыстық пәндік олимпиадаға 8 оқушы қатысып 2 оқушы жүлделі орынға ие болды.:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Нұрланқызы Дариға 3-орын (пән мұғаліміЖетібаева Динара Сейтқожақызы),
2.Биология пәнінен 11- сынып оқушысы Кунболатқызы Дана 3-орын
(пән мұғалімі Қимаділова Айгул Смақановна) алды.
Аудандық 7-8-сыныптар арасында өткен жасөспірімдер олимпиадасына 15 оқушы қатысып;
1.Физика пәнінен 8-сынып оқушысы Алдашова Аружан, Хакбердиев Азиз 3-орын (пән мұғалімі Бердибаева Рима Кыдырбековна)
2.Биология пәнінен 7-сынып оқушысы Мелс Жанерке 2-орын (пән мұғалімі Чүйкебаева Асел Ғазизқызы), 8-сынып оқушысы Абдрахманова Балауса 3-орын (пән мұғалімі Қимаділова Айгул Смакановна)
3.Химия пәнінен 8-сынып оқушысы Әбікен Іңкәр 3-орын (пән мұғалімі Мырзаханова Батиш Тулендиевна)
4.Математика пәнінен 8-сынып оқушысы Ерболұлы Сұлтан 3-орын (пән мұғалімі Кыдырбекова Бота Ештаевна)
5.Информатика пәнінен 8-сынып оқушысы Қайсарқызы Ғазиза 1-орын алып, облыстық олимпиадаға қатысты. (пән мұғалімі Орынбай Назима Әбілқайырқызы)
Аудандық 8-сыныптар арасында өткен «Айқанат» олимпиадасына 10 оқушы қатысып;
1.Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 8-сынып оқушылары Дауленхан Диана мен Абдрахманова Балауса 1-орын алып, облыстық олимпиадаға қатысып қайтты.
5-6-сыныптар арасында өткен аудандық пәндік олимпиадаға 12 оқушы қатысып;
1.Ағылшын тілі пәнінен 5-сынып оқушысы Алдашова Аяжан 3-орын (пән мұғалімі Маматаева Сауле Баяшовна)
2. Тарих пәнінен 6-сынып оқушысы Жетекші Абзал 3-орын (пән мұғалімі Суйербаева Жазира Едиловна)
2. Математика пәнінен 6-сынып оқушысы Жасұланұлы Тимур 1-орын алып, облыстық олимпиадада «Алғыс хат» алды. (Пән мұғалімі Кыдырбекова Бота Ештаевна)
Дарынды ұрпақ – жарқын болашаққа бастар кемелдігіміздің көрсеткіші. Олай болса, жас өрендерді мектеп қабырғасынан ғылымға қызықтыру- олардың танымдық көзқарастарын қалыптастыру басты міндетіміз. Осы орайда, аудандық «Дарын» және «Зерде» Ғылыми жоба жарысында 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар :
Аудандық «Дарын»ғылыми жоба жарысында;
1.Биология пәнінен 10-сынып оқушысы Бақытжан Айым 2-орын (жетекшісі: Қимаділова Айгул Смақановна), 11-сынып оқушысы Жетекші Анеля 2-орын (пән мұғалімі Чүйкебаева Асел Ғазизқызы)
2.Көркем еңбек пәнінен 9-сынып оқушысы Темірболат Дильназ Еркебұланқызы 2-орын (пән мұғалімі Көнекбаева Шолпан Бірімқұловна)
3. Қазақ әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Болатхан Айым 3-орын (пән мұғалімі Ауғанбай Гулдана Карлқызы)
Аудандық «Зерде» ғылыми –жоба жарысында;
1.Орыс тілі пәнінен 5-сынып оқушысы Әмірбек Гүлден 1-орын (пән мұғалімі Садакбарова Ләззат Нуралиевна)
2. Орыс тілі пәнінен 5-сынып оқушысы Құрманбай Жарқын 2-орын (пән мұғалімі Серік Элмира Серікқызы)
3.Ағылшын тілі пәнінен 6-сынып оқушысы Қуандық Аружан 3-орын (пән мұғалімі Чинибаева Назгул Жамалжановна)
4.Тарих пәнінен 7-сынып оқушысы Баратбек Абылай 3-орын (пән мұғалімі Рысов Садуакас)
5. Әдебиеттік оқу пәнінен 4-сынып оқушысы Жапархан Мадина 2-орын (пән мұғалімі Абдикаримова Анеля Мұратжанқызы)
Облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысында :
1.Тарих пәнінен 10-сынып оқушысы Серікқызы Ұлпан 3- орын(жетекшісі Оразалиева Калия)
2.География пәнінен 9-сынып оқушысы Ғалымқызы Диана 3-орын (жетекшісі Теңгебаева Айнұр)
3.Орыс тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Халық Зере 3-орын (пән мұғалімі Серік Эльмира Серікқызы)
4.Ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Самаева Фатима 3-орын (пән мұғалімі Байбагисова Шарбану Ботбаевна)
5.Ағылшын тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Бақтияр Шуақ 3-орын (пән мұғалімі Маматаева Сауле Баяшовна)
Мектеп оқушылары балалардың интеллектін дамыту мақсатында ұйымдастырған аудандық, облыстық, республикалық,халықаралық шараларға белсене қатысып,жоғары нәтиже көрсетті.
Халықаралық «Русский медвеженок» байқауында 6-сынып оқушысы Сейсенбек Каусар І орын (пән мұғалімі Турлыханова Карлыгаш Бериковна)
Халықаралық ағылшын тілі пәнінен «Британский бульдок» марафонына 6 сынып оқушылары Талғатқызы Торғын І орын (жетекшісі Байбағысова Шарбану)
Халықаралық «Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойынында 2-сынып оқушысы Айдосқызы Жаннур 3 дәрежелі диплом (пән мұғалімі Ахметова Дидар Толегеновна)
Аудандық «Ер Едіге» жырын жатқа айту зияткерлік байқауында 9-сынып оқушысы Думан Айдана 2-орын алды.
7. Педагогтар жетістіктері
Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, оларды көтермелеу және марапаттау, білім жұмысын дамыту бағдарламаларын, педагогикалық тәрбие жүйесінің жаңа түп нұсқасын оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа моделін іздестіру мақсатында аудандық «Жыл пәні мұғалімі-2022» байқауында:
- Алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Абдрасилов Дархан 1-орын;
- Ағылшын тілі пәні мұғалімі Маматаева Сауле 2-орын
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серік Элмира Серікқызы 1-орын
- География пәні мұғалімі Теңгебаева Айнур 1-орын
- Музыка пәні мұғалімі Сулеева Ләззат 1-орын
- Математика пәні мұғалімі Алмабек Іңкәр 2-орын
- Физика пәні мұғалімі Оразханқызы Айжан 3-орын;
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауғанбай Гүлдана 3-орын;
- Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Дидар 3-орын
- Көркем еңбек пәні мұғалімі Жетен Бақытгул 3-орын
Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да кең болмақ. Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімнің білімі мен кәсіби шеберлігімен байланысты. «Мектептің жүрегі –жақсы мұғалім» деп ұлы дана педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектебіміздің ұлағатты ұстаздары кәсіби шеберліктерін танытып
- Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Алғыс хатымен» мектеп директоры Мухамедиева Маркия Абдыханқызы, Жетібаева Динара Сейтқожақызы;
- Облыстық «Ыбырай Алтынсарин» олимпиадасына қатысқаны үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серік Эльмира Серікқызы Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Алғыс хатымен»
- Облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» Алғышқы Әскери даярлық пәні мұғалімі Абдрасилов Дархан;
- Облыстық білім басқармасының мадақтамасымен «Ұлттық мектеп лига» облыстық жарысында үздік команда дайындағаны үшін дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жақыпбайұлы Жанмұрат пен Оразай Ерназар;
Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» бастауыш сынып мұғалімі Кемелжанова Майра Марипжанқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садакбарова Ләззат Нураліқызы марапатталды.
2021-2022 оқу жылында Д.Қонаев атындағы мектеп –гимназиясымен бірлесе отырып « Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы бойынша жұмыстар атқарып, бірнеше мұғалімдеріміз өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды.
Аудандағы 10 жетекші мектептің бірі ретінде, бөлінген серіктес мектептермен жұмыстар атқарып отырамыз. Бөлінген Тасашы және Ақтасты орта мектептерімен бірлесе отырып, зерттеу сабақтарын жүргіздік. Аудандық білім бөлімі әдіскерлерімен бірге облыстық семинарға қатысып, өзара тәжірибе алмастық
10.Мұғалімдердің іс-тәжірибе тартуы. Мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс істей отырып, өз іс-тәжірибелерін аудан мектептері арасында таратып отырады.
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бақытбек Майра, Асанғалықова Айдана, Ауғанбай Гулдана «Функционалдық сауаттылық және мәтіндік тапсырмалар» атты таңдау курсына арналған авторлық бағдарлама;
2. География пәні мұғалімдері Идрисова Жаналык Даменовна мен Тенгебаева Айнур Турсыналиевнаның «География және ғаламдық проблемалар» тақырыбында қолданбалы оқу курсының авторлық бағдарламасы жарық көрді.
3. Көркем еңбек пәні мұғалімі Бокшинов Бакберген Лебаевичтің «Сәндік қолданбалы қолөнер» тақырыбында авторлық бағдарламасы:
4. Көркем еңбек пәні мұғалімі Көнекбаева Шолпан Биримкуловна «Үздік ұстаз» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Бөлшектерді пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу» атты сабағы;
5. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Байбагисова Шарбану Ботбаева «My ideal class» тақырыбында сабағы:
6. Бастауыш сынып мұғалімі Аялқан Гулжан «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына « "Уақыт- біздің құндылығымыз. Абай Құнанбайұлы "Жасымда ғылым бар деп ескермедім» тақырыбындағы сабағы жарияланды.
Педагогтар аудандық, облыстық семинарларға қатысып, өзара іс-тәжірибе бөлісіп отырады.
2021-2022 оқу жылында тәрбие саласы бойынша атқарған жұмыстар
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың инттелектуалдық, патриоттық, рухани –адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында біріңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін құру аясында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру мақсатында 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жоспарында тәрбиенің 8 басым бағытын басшылыққа алып жұмыстар жүргізілді.
1 бағыт: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бойынша білім күніне арналған 1 сынып оқушыларына «Кел, балалар, оқылық!» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті.
Тәуелсіздікке 30 жыл «30 игі іс» аясында 2-4 сынып білім алушыларының арасында «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, байқаудан жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды. 1-4 сынып, 5-8 сынып білім алушылар арасында «Мен елімді сүйемін!» тақырыбында әскери-патриоттық ән байқауы болып өттібайқаудан 1-4 сыныптар арасында БАС ЖҮЛДЕ иегері Секерқожа Айша атанса, 5-8 сынып арасынан Баратбек Абылай БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Топтық ән айтудан «Болашақ» тобы 1 орынға ие болды. Байқаудан орын алған оқушылар марапатталды. Алматы қаласында «Жеті өнер» орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел мақтанышы» тақырыбында өткізілген байқаудан 7 «А» сынып білім алушысы Баратбек Абылай БАС ЖҮЛДЕ, 3 «А» сынып білім алушылары «Болашақ» тобы БАС ЖҮЛДЕ, 7 «А» сынып білім алушысы Хакимжан Елнұр 1 дәрежелі лаурет атанды.
Директордың әдістемелік орынбасары Динара Сейітқожақызының бастамасымен 1991-1999 жылғы жас педогогтар арасында «Тәуелсіздік-тағлымым» тақырыбында жарыс өткізілді. 3 кезеңнен тұратын жарыста өз белсенділіктерін көрсетті. Байқауда жеңіске жеткен топтар марапатталды.
МАД тобы «Тәуелсіз елім!», 2 «ә» сыныбы «Тәуелсіз Қазақстаным», 2 «а» сыныбы «Тәуелсіздік-тұғырым», 5 «б» сыныбы «Тәуелсіздік таңы!», 1 «б» сыныбы «Жаса, Жайна Қазақстан!» , 5 «ә» сыныбы «Тәуелсіздік -тұғырым», 5 «а» сыныбында «Тәуелсіздік -Ұлы дала ұрпақтарына аманат», 9 «а» сыныбы «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!», 7 «ә» сыныбында «Менің Тәуелсіздігім», 1 «ә» сыныбында «Тәуелсіздікке 30 жыл» 10 «ә» сыныбында «Тәуелсіздіктің ақ таңы! » тақырыптарында тәрбие сағаттары, 11 «а», 11 «ә» сыныптары бірлесіп «Тәуелсіз Қазақстан: өткені мен бүгіні» тақырыбында дөңгелек үстел, 10 сыныптар арасында «Тарих, Тағылым, Таным!» тақырыбында тарихи-интеллектуалдық ойын жарысы, 7 сыныптар арасында тоғыз құмалақ, шахматтан жарыс, 7-11 сынып оқушыларының арасында мектепішілік спорттық жарыстар өткізілді, жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.
«Рәміздер күні», «Құқықтық тәрбие», «Президент күні», «Тәуелсіздік күні, «Тәуелсіздіктің нышаны- мемлекеттік рәміздер», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Менің тұңғыш Президентім», «Тәуелсіздік -Тәңірден келген Ұлы сый», «Тәртіпке бағынған құл болмайды», «Ұранды ердің –ұрпағы қайсар», «Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат», тақырыбында 1-11 сыныптар тәрбие сағаттары өткізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында «Сенім телефоны», «Сенім жәшігі» және құқық бұзушылыққа байланысты ілінген стендтардың жұмыстары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Сенім телефоны», «Сенім жәшігі» күнделікті тексеріліп, АКТ толтырылады.
Мектеп айналасында ұрлық, зорлық – зомбылық, жыныстық тиіспеуліктің алдын алу мақсатында мектепте бақылау камералары іске қосылған, бақылау камераларын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.
Осы орайда 09.09.2021 «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы» жасөспірімдер инспекторы АІІБ полиция аға лейтенанты А. Ж. Қоғамбаевапен және полиция лейтенанты Р. Бейсеновтың қатысуымен кездесу болып өтті.
13.10-10.11.2021 жылы «Қылмыссыз балалық шақ» құқық айлығында сыныптармен «Өз құқығыңды білесің бе?», «Құқықты білу ең басты міндет!», «Мен және менің құқығым», «Құқық әділет пен парасат жолында» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Қылмыссыз балалық шақ», «Өмір қымбатсың маған», «Мен өмірді сүйемін», «Заңды білу заман талабы» тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларымен мектеп психологы тренинг ойындар, 10.11.2021 жылы «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел, 20.12.2021 жылы Төтенше жағдайлардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық және оның алдын алу жұмыстарыбойынша кездесу, 28.03.2022 жылы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» ұлдар жиналысы, 15.09.2021 жылы Полицияның жас көмекшілерін қатыстыра отырып АІІБ жасөспірімдер жөніндегі инспектор Іліпбай Мейірлан мен ауылдық учаскелік полицияның аға лейтенанты Изгутов Біржанмен кездесу, Полицияның жас көмекшілерін қатыстыра отырып құқықбұзушылыққа байланысты сыныптармен жиналыстар өткізілді.
Қыркүйек айында жолда жүру ережесін сақтау, бала қауіпсіздігі, келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында АІІБ полиция аға лейтенанты А. Ж. Қоғамбаевапен бірлесе отырып «Абайлаңыз, балалар!» атты акция, Мектеп әкімшілігінің қатысуымен «Қыран» ұлдар ұйымының «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында 9-11 сынып ұлдарымен жалпы жиналысы 1-4 сынып оқушыларына жолда жүру ережелері түсіндірілді.
Кеген су жағалауындағы қауіпсіздікті сақтау, жол қауіпсіздігі жайлы, үйдегі өрт қауіпсіздігі жайлы Кеген ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Ә. Әбділдаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жолда жүру ережесі, өрттің шығу жолдары, су жағалауындағы қауіпсіздікті сақтау ережелерімен таныстырды.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқықбұзушылық және оның алдын алу, әкімшілік құқықбұзушылық туралы № 442 бап, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүруі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі, мереке күндерінде ата-аналарының үйде екеніне көз жеткізу, қауіпсіз ортада, яғни ата-анасының жанында отырғандығы және баланың түнгі мезгілде көшеге шықпауын қадағалау мақсатында түнгі кезекшілік, түнгі рейдке әкімшілік мүшелері және мектептің мұғалімдерден жасалған ерікті тобы кезекшілікке шықты. 2021-2022 оқу жылындағы көшеде беймезгіл жүрген оқушыларға АІІБ жасөспірімдер инспекторлары полиция лейтенанты Р. Бейсенов, Іліпбай Мейірлан Сартпайұлымен бірлесе отырып, 16 баланың ата-аналарына АІІБ тарапынан ескерту беріліп, хаттама толтырылды.
2021-2022 оқу жылында ата-аналар жиналысы тоқсанына бір рет болып отырды. Қыркүйек айында онлайн форматта ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектептің ішкі тәртіп ережесі, ата-аналардың мақсат, міндеттері, мектептегі оқу процестеріндегі өзгерістер және құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау жұмыстары жайлы түсіндірілді.
Желтоқсан айында «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында өткізілген жиналыста күн тәртібінде
Күннің суықтығына байланысты санитарлық талаптардың сақталуы ;
Құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық –зомбылықты болдырмау жағдайының алдын алу
«Мейірімділік -адамның асыл қасиеті » тренинг, ойын-жаттығу
Телефон ойындары, интернет желісіндегі кибербуллинг, буллинг (адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.) әдісі туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар құқықбұзушылық туралы өз ойларымен бөлісті.
Наурыз айында «Отбасы шағын мемлекет» тақырыбында ІІІ тоқсанның жалпы жиналысы болды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Тәрбие орынбасары «Мен және менің отбасымның абыройы мен құқығы» тақырыбында баяндама оқыса, мектеп психологы «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналармен сұрақ-жауап әдісі бойынша ой бөлісті.
Мамыр айында «Бала қауіпсіздігі өз қолымда» тақырыбында т жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе баланың өмір қауіпсіздігі, қауіпсіздік шараларын сақтау, жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр сынып жетекші ата-аналардан баланың өмір қауіпсіздігіне байланысты қол хат жиналды.
Сынып жеткшілермен бірлесе отырып «Бала құқығының бұзылуы», «Ата-ананың мейірімі» тақырыбында ата-аналарға семинарлар, «Жүректен жүрекке» тренингі өткізілді.
25.02.2022 жылы мектебімізде құқықбұзушылық орын алды. Құқықбұзушылыққа жол берген ата-аналармен АІІБ жасөспірімдер инспекторлары полиция лейтенанты Р. Бейсенов пен Іліпбай Мейірлан Сартпайұлымен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқықбұзушылыққа жол берген ата-аналарға АІІБ тарапынан ескерту беріліп, хаттама толтырылды.
2 бағыт: Рухани-танымдық тәрбие бойынша «Қарттарым асыл қазынам», «Ұстаз -ұлы тұлға» тақырыбында видеороликтер жасалынып әлеуметтік желілерге салынды, «Ұстазға мың тағзым!», «Ұстаз-ұлы есім» тақырыптарында 1-11 сынып білім алушыларымен сынып сағаттары, «Аяулы ұстазым» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. «Ыбырай Алтынсаринге-180 жыл», «Ахмет тағылымы», «» «Ахмет Байтұрсынұлына-150 жыл», «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» «Жарқыра жайна Жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде!», «Төрлет қане жаңа жыл», «Төрле, төрлет, жаңа жыл» тақырыбында, «Дін және мен», «Дін туралы не білеміз?», «Хантәңірдлің мұзбалағы», «М. Мақатаевқа-91 жыл», «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» сынып сағаттары «Айналайын! Атамекен, ақ мекен» жыр байқауы, «Есіңе мені алғайсың» ән байқауы, жас мамандар арасында «Мұқағали-ғасыр ақыны» тақырыбында жыл додасы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Асанғалықованың ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында Ыбырай Алтынсаринге 180 жыл толуына байланысты «Ұлы дала ұстазы» зияткерлік сайысы, Қабылбекова Мақпал 5 сыныптар арасында «Даланың дара ұстазы» зияткерлік сайысы өткізілді.
3 бағыт: Ұлттық тәрбие бағыты бойынша «Төл теңгеміз», «Ұлттық теңге», «15 қараша-Ұлттық теңге күні», «Теңге-тәуелсіздік келбеті», «Ұлттық теңге-ел тәуелсіздігінің символы », «Бір ғасыр жасаған мектеп», «Ө. Жаңабаевқа-94 жыл», «Қыз-ұлттың болашағы», «Ер намысы-ел намысы», «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні», «Ұлыс оң болсын», «Наурыз-жыл басы», «Қош келдің-Әз наурыз», «Наурыз-жаңа жыл басы», «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
4 бағыт: Отбасылық тәрбие бойынша Жемқорлыққа байланысты «Парасатты отбасы» тақырыбында облыстық шағын видеороликтен көп балалы отбасы Сейсенбектер отбасы жүлдеді орынға ие болды. Аудандық «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында өткен жарыстан мектебіміздің 4 «а» сынып ата-аналары бас жүлде және 1 орын иеленді. «Отбасы тәрбиесі» «Отбасы шағын мемлекет» сынып сағаттары, 5-6 сынып оқушылары арасында «Отбасы- бақыт мекені» спорттық жарыстар, 2-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» сурет көрмесі өткізілдіп, қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды. «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» тақырыбында ата-аналарға баяндама, «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. «Әке рөлі бала үшін маңызды», «Әке, сен басқан ізбен мен жүремін» тақырыбында әкелер клубының жиналысы болып өтті..
5- бағыт: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие - «Семей полигонының жабылуына 30 жыл», «Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері», «Семей ядролықполигонының жабылуына-30 жыл» тақырыбынды сынып сағаттары өткізілді. «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді. «Еңбек-елдің мұраты» қолөнер көрмесі, шеберлер турнирі өткізілді. «Еңбек-еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында мектеп айналасына 5-10 сынып арасында сенбіліктер ұйымдастырылып, өткізілді.
6- бағыт: Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие – Қазақстан хақы тілдер күні байланысты әр сыныпта «Тіл туралы», «Тілім менің тірегім», «Тіл туралы не білеміз?», «Тіл мен менң байлығым!», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліғңді құрметте!», «Жеке бас гигиенасы, жұқпалы аурудың алдын алу ережелері», «Жұқпалы аурулардан қалай сақтанамыз?», «Гигиеналық тазалық-адам өміріндегі басты тазалық» тәрбие сағаттары «Алғыс айту -парызым», «Алғысқа лайықты жандар», «Алғыс -анаға, әкеге, бауырға», «Алғыс- Ұстазға» тақырыбында сынып сағаттары, «1 сәуір-Алғыс айту күні: Мың алғыс барша адамға» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.
7-бағыт: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бойынша «Қыс ханшайымы-2021» 1-11 сынып сағаттары, 9-11 «Алтын күз» кеші, 9 сыныптар арасында «Компьютер дос немесе жасу», «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат, «Әлеуметтік желілердегі менің қауіпсіздігім» , «Ғаламторға кіріп, ғаламның жаңалықтарынан құр қалма», «Жаңа Қазақстан-жаңа жетістікке жетелейді» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. «Робототехника дамыған замандағы мен» тақырыбында информатикалық қызықты сабақтар өткізілді.
8-бағыт: Дене тәрбиесі салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Жеке бас гигиенасы, жұқпалы аурудың алдын алу» тақырыбында 1-11 сынып бойынша сынып сағаттары, меткеп медбикесі «Короновирустан қалай сақтанамыз?» тақырыбында баяндама, түсіндірме жұмыстары, «Педикулездың алдын алу» тақырыбында сыныптарға түсіндірме жұмыстары, 5-11 сынып арасында түрлі спорттық шаралар, Кеген аудандық аурухана бөлімінің гинеколог маманы Мақпал Оразалиева, кеген ауданының әйелдер алқасы төрайымы Бақытгүл Көнеевамен бірлесе 9-11 сынып қыздарымен «Қыз-ұлт болашағы», «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу, «Дені саудың –жаны сау», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбьында сынып сағаттары, «Жаңабаевқа-94 жыл» волейболдан жарыс өткізілді.
Республика, облыс, аудан көлемінде өткен түрлі спорттық жарыстардан оқушылар жүлделі орындамен оралды.
25. 05. 2022 жылы «Түлек-2022 жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жинынға ауданнан келген қонақтар, 1-11 сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен өткізілді.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және білім сапасының төмендеген тұстарын қалыпқа келтіру, олқылықтармен жұмыс жасау мақсатында 26.05-17.06. 2022 жылы «Жазғы мектеп» профильді лагері ұйымдастырылды. . «Жазғы мектеп» профильді лагеріне 150 оқушы тартылды. 26.05.2022 жылы «Жазғы мектеп» профильді лагерінің ашылуы болып өтті.
«Жазғы мектеп» профильді лагеріне эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар 7-і топқа бөлініп, топ жетекшілері тағайындалды.
- Топ «Күншуақ» тобы, топ жетекшісі: Кауен Аида
- Топ «Прайд» тобы, топ жетекшісі: Медетқызы Айелита
- Топ «Бірлік» тобы, топ жетекшісі: Оразай Ерназар
- Топ «Жас қыран» тобы, топ жетекшісі: Темірғалиева Жібек
- Топ «Қыран» тобы, топ жетекшісі: Чинибаева Назгүл
- Топ «Тұлпар» тобы, топ жетекшісі: Оразханқызы Айжан
- Топ «Сұңқар» тобы, топ жетекшісі: Мәжит Елдос Санатұлы
Топтар арасында эстафеталық ойындары, әр түрлі жанрдағы билерді билеу шарасы, Ұлттық ойындардан эстафеталық ойындар, 1 –маусым балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» асфальтқа сурет салу және «Айша», «Мейіржан», «Аяла», «Жұлдыз» дүкендерінің кәсіпкерлерінің демеушілігімен білім алушыларға балмұздақ таратылды. «Аманат» партиясымен кездесу, М. Мақатевтың өлеңдерін оқу күні, Еркін тақырыпта КВН, Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нусипқожаев Айбол Баратбекұлының демеушілігімен Аудандық мәдениет үйінде білім алушыларға кино көрсетілді. «Жазғы мектеп» профильді лагерінде «Жаз ханшайымы», «Интернет ойындарының пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат, «Диско-80» дерескодты би кеші, «Көлсай» демалыс орнына саяхат ұйымдастырылды. 17. 06.2022 жылы «Жазғы мектеп» профильді лагерінің жабылу кеші болып өтті. Жабылу кешіне аудандық білім бөлімінің маманы Роза Өмірсейітова қатысты. Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» 4 ұстаз марапатталса, 5 ұстаз мектеп директорының марапатымен марапатталды.
«Жазғы мектеп» профильді лагеріне өз шығармашылықтары мен белсенділіктерін танытқан топтар марапатталды. 1 орын «Күншуақ» және «Прайд» тобы жеңіп алса, 2 орынды «Бірлік» тобы, 3 орынды «Жас қыран» және «Тұлпар» тобы иеленді. Жазғы мектепке қатысқан оқушылар толығымен марапатталды.
"Түлек-2022 жаңа Қазақстанның ертеңі" тақырыбында 16.06.2022 "Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Жиын қонақтары Аудан әкімінің аппарат басшысы Исаев Медет Шайтқанұлы, білім бөлімінің маманы Қосаев Әбіләкім Әлкенұлы, қамқоршылық төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық аурухана меңгерушісі Әлиев Берік Халықұлы қатысты. Бейсенбай Мейрамбек және Нұрланқызы Дариға "Алтын белгі" иегері атанса, Халық Зере Берікқызы мен Карл Балжан Саматқызы үздік аттестат иегері атанды. 28 түлек мектеп табалдырығынан үлкен өмірге аттанды. Мектеп директоры түлектерге ақ жол, сәт сапар тілеп, Шыңғыс Тұрсынов ақ батасын берді.
2021-2022 оқу жылы бойынша педагог ұйымдастырушының атқарған жұмыстары жайлы
2021-2022 оқу жылында аға вожатыйдың жылдық жоспары тәрбие орынбасарымен және әдістемелік нұсқау хатқа сүйене отырып жасалынып, бекітілді. Оқу жылының басында мектеп жастары және ұйым мүшелерімен бірлескен жиналыс өткізіліп, мектепішілік №160 бұйрықпен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері тағайындалды. Әр ұйымның жұмыс жоспары қайта қаралып талқыланды. Оқушылар бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында 1-қыркүйек «Білім күні» шарасын оқушылар комитеті және «Жігерлі жастар» ұйымымен бірлесе отырып өткізілді. Қыркүйек айының бірінші аптасында ұйым мүшелерінің бірлескен жиналысы болып өтті. Жиналыста ұйым мүшелерінің жылдық жұмыс жоспарларымен таныстырылды. Жылдағы жоспарлары талқыланып, нақты істелінетін жұмыстар шарасы бекітілді.
Өзін-өзі басқару ұйымы-Темірғалиева Жібек
Ұлдар ұйымының төрағасы- Қуаныш Мади
Қыздар ұйымының төрайымы- Ауғанбай Гүлдана
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жетекшісі-Ерғожаева Айнұр
Дебат клуб жетекшісі- Медетқызы Айелита
Жыл басынан әдістемелік нұсқау хат пен 472 бұйрыққа сәйкес жылдық жоспар жасалынып бекітілді.Жоспар бойынша 30.08.2021ж Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аудандық жиналысқа ұжым мүшелері барды.
1.09.2021ж «Кел балалар оқылық» атты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді.Білім күніне арналған сынып сағаттарын өткізілді.
03.09.2021ж «Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру және оқушының құқықтары мен міндеттері туралы саптық жиын өткізілді.
03-29.09.21ж «Шынықсаң шымыр боласын!» денсаулық айлығы айлығының шарасы жасалынып, шара бойынша дене тәрбиесінің мұғалімдерімен біріге отырып,шаралар ұйымдастырылды.
07.09.2021ж мектептің өзін-өзі басқару ұйымын сайла жиыны өткізілді. Сайлауға 9-10-11 сыныптың білімалушылары өз дауыстарын жасырын түрде беру арқылы өткізілді. Нәтижесінде мектеп «Өзін-өзі» басқару ұйымының президенті болып 11 ә сынып білімалушысы Бейсембай Мейрамбек сайланса, «Жас Ұлан» ұланбасы болып 11 ә сынып білімалушысы Меліс Олжас сайланды. Мектепішілік бұйрықтары шығарылып, арнайы жұмыс жоспарлары бекітіліп жұмыстар атқарылуда.
09.09.2021ж «Дебат» клубын сайлау жиыны өткізіліп мүшелері сайланды.
5-14.09.2021 «Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра» апталық өткізілді. Апталықта 5-6-7-8 сыныптарда өлең оқудан жарыс өткізілді.
6-14.09.21ж тәрбие саласымен біріге отырып «Отбасы күні» апталығы өткізілді.
28.09.2021ж Жалпы ата-аналар жиналысын өткізілді.
01.10.2021ж «Қариялар-қазынам» 1-11 сынып «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» Тәрбие сағаттары өткізілді.
06.10.2021ж «Ұстазым – мектебімнің күншуағы » мерекелік кеш өткізілді. Кешке «Өзін-өзі» басқару ұйым мүшелері өзбелсенділіктерін танытты.
14.10.2021ж «Ы.Алтынсарин 180» жылдығына орай «Кітап оқу - сән» тақырыбында интернет-викториналық жарыс 10-11 сыныптар арасында өткізіліп, 1-орын Нұрланқызы Дариға,2-орын Халық Зере,3-орын Ерғалиұлы Абылай алды.
29.10.2021ж «Алтын күз» мерекесі мектепішілік іс-шара 9-11 сыныптар арасында кеш болып өткізілді.
06.11.2021ж «Компьютер дос немесе жау?» 9 сыныптар арасында дебат өткізілді.
01.12.2021ж «Тұңғыш президент күні» лездеме өткізілді.
26.11.2021ж «Ұлт мақтанышы – Елбасым» 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.«Елбасы – елімнің тірегі» 5-8 сыныптар, «Егемен елдің - Елбасы» 9-11 сыныптар сынып сағаттары өткізілді.
11-15.12.21ж Жемқорлықпен күрес. Адал ұрпақ ұйымымен жұмыс апталық «10 желтоқсан - Адам құқығы күніне орай сынып сағаттары.
10.12.2021ж Адам құқығының сақталуы» дебат өткізілмеді
14.12.2021 ж «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы»мен «Жас Ұла» ұйымының 10 жылдығына орай Қ.Р «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдерді қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.
27-28.12.2021ж «Қош келдің, жаңа жыл» 1-9 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізілді.
29.12.2021 ж 9-11 сыныптар арасында балмаскарад өткізілді.
10.01.-10.02.22 ж 8-11 сыныптар арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнамалар алынды.
01.02.2022ж М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Елім менің», «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» патриоттық ән-жыр байқау өткізілді.Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысып өз шығармашылықтарымен таныстырды.
04.03.2022ж «Иманды ұл,инабатты қыз тәрбиелік» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
06.03.2022ж «Аялаған ақ анам» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып,әр сыныптар бойынша белсенді ата-аналарға алғыс хаттар берілді.
15-21.03.2022ж «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мектепішілік мерекелік іс-шаралар болып өтті.
27.04.2022ж «Мамандық таңдау табысты өмірдің кілті» тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді.Кешке аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Мәсімбаев Біләл Әукенұлы және әр салады қызмет атқарып жүрген мектеп түлектері келіп қатысты.
25.05.2022ж «Түлек-2022 Жаңа қазақстанның ертеңі» атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны болды.Жиынға аудандық маслихаттың бас маманы Ұлас Ақжігіт,ауыл әкімдігінің бас маманы Сұлтан Айдын қатысты.Жыл ішіндегі облыстық деңгейдегі жетістіктер аталып, марапаттар берілді.
26.05.2022ж «Жазғы мектеп-2022» профильді лагерінің ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында мектеп директоры М.Мухамедиева сөз сөйлеп оқушыларға биылғы жылғы балалар жылын керемет өткізуге,алдағы іс-шараларға белсене қатысуға шақырды. Жазғы мектептің әр күні жоспарланып, қызықты тапсырмалар,ойындар,саяхаттар, кино көру сияқты әр түрлі шаралар болды. Әр болған шарадан балалардан кері байланыстар алынып отырды. Мектеп сайттарына әлеуметтік желілерге салынды.
2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагог жұмысы
2021-2022 оқу жылында мектебімізде барлығы 564 оқушы санымен қашықтықтан және кезекші сыныптармен оқу жылымызды бастадық. Мектептегі әлеуметтік санаттар бойынша, атап айтқанда толымсыз, көп балалы, аз қамтылған, үйден оқитын сондай-ақ қамқорлықтағы балалар саны анықталды.
Толымсыз отбасы саны 21, бала саны 21. Толық емес отбасы саны 27, бала саны 38.Көп балалы отбасы саны 91, бала саны 182. Аз қамтылған отбасы саны 62, бала саны 99. Үйден оқитын бала саны 5, ата-ананың қамқорлығынсыз бала саны 5. Денсаулығына байланысты үйден оқитын балалар Нұрлыбек Алинұр 3 «а», Бесімбай Нұрдаулет 7 «ә», Әмірбек Бексұлтан 7 «а» , Тоқтасын Нүркен 2 «а», Әмірбек Әли 1 «а» сыныбында оқиды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Әлімақын Бекжан, Тоқтарбек Маржан, Тоқтарбек Орынбасар.
Үйден оқитын әрбір оқушының өзіндік сабақ кестесі бар, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер бекітілген. Уақытылы сабақ өтілді. Үйден оқитын осы 5 балаға мектебіміздегі логопед мұғалім Э. Қарашалова мен А.Асқарова апта сайын барып, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді. Мектептегі психолог Есбосынова Жансая үйден оқитын балалардың барлығына апта сайын психологиялық көмек көрсетті. Аталған оқушыларға әкімдіктен арнайы копьютерге сұраныс берілді. Сұраныс бойынша компьютер келгенге дейін мектептегі жаңа компьютерлер уақытша пайдаланылуға берілді. Үйден оқитын балалардың барлығының үйіне барып, қадағалап, бақылауда ұсталынды.
Әлеуметтік санат бойынша толымсыз, толық емес, аз қамтылған, үйден оқитын, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен атқарылатын жылдық жоспар жасалынды, іс-шаралар ұйымдастырылды
2021-2022 оқу жылының басталуына орай 20.07.2021 күні «Балаларға қамқорлық» акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты сәтсіз отбасынан шыққан, қамқорлықтағы, аз қамтылған, жартылай жетім оқушылардың мектепке әзірлігін пысықтау, оқу құралдары мен киім-кешектеріне көмек көрсету. Демеушілердің көмегімен мектеп оқушыларына мектеп формасы, спопттық киім, спорттық аяқ киім, мектепке арналған сумка, оқу құралдары, күздік курткалар алынды.
- Хакимжан Елнұр мектепке арналған туфли,
- Рауанқызы Аружан мектеп формасы, оқу құралдарымен,
- Мақсатқызы Айдана мектеп формасы, оқу құралдарымен,
- Саят Әлішер мектепке арналған сумка оқу құралдарымен
- Саят Әли мектепке арналған сумка оқу құралдарымен,
- Дарханқызы Аяжан мектеп формасымен,
- Тоқтарбек Орынбасар күздік етікпен,
- Байқұрман Рамазан мектепке арналған сумкамен,
- Құрманжан Аруай мектепке арналған сумка мен оқу құралдарын,
- Ғаниқызы Ақниет мектеп формасы және оқу құралдарымен,
- Құрманжан Ерхан мектепке арналған сумка оқу құралдарымен,
- Байқұрман Әділет күздік курткамен,
- Тоқтарбек Бекжан оқу құралдарымен,
- Абдразақова Каусар мектеп формасымен,
Турдахун Алихан мектепке арналған сумкамен қамтамасыз етілді
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әлеуметтік санаттағы 10 отбасыға демеуші Муханбеков Келгенбек және Муханбекова Қуаныш апайдың көмегімен 10 тонна көмір таратылып берілді. Төмендегі оқушылардың үйлеріне түсірілді.
- Нұртай Аяла, Нұртай Аян, Нұртай Айбек.
- Айтақын Сезім, Айтақын Амина, Айтақын Дамира, Айтақын Диана
- Қайратқызы Медина, Қайратқызы Мұхаммедали
- Қайымбаева Жаннур, Аманжанқызы Айсұлу
- Жақан Нұрсұлтан, Жақан Нұрлан, Жақан Ерсін
- Қасымбай Айзат, Қасымбай Ақниет, Нұрланұлы Дулат, Қасымбай Нұржан.
- Манап Абылай, Манап Айнура
- Әмірбек Каусар, Әмірбек Әли
Жаңа жылдың қарсаңына орай 14 отбасыға азық-түлік таратылып берілді. Азық-түлікті төмендегі білім алушылар алды.
Реті | Білім алушының аты-жөні | Сыныбы | Әлеуметтік мәртебесі | Мекен-жайы |
1 | Әмірбек Әли | 1 «а» | Үйден оқитын бала | Дархан 16 |
2 | Нұрлыбек Алинұр | 3 «а» | Үйден оқитын бала | Парковая 4 |
3 | Әмірбек Бексұлтан | 7 «а» | Үйден оқитын бала | Маметова 76 |
4 | Турдахун Алихан | 5 «б» | Сәтсіз отбасы | Маметова 25 |
5 | Нұртай Аяла | 5 «ә» | Сәтсіз отбасы | Әзімжанов |
6 | Беджума Алтынай | 7 «ә» | Аз қамтылған | Қонаев 89 |
7 | Ермекбайұлы Әрлен | 10 «а» | Аз қамтылған | Бидайбек |
8 | Қасымбай Айзат | 9 «ә» | Көп балалы, аз қамтылған | Көшкінов |
9 | Құрманғали Айым | 5 «б» | Көп балалы, аз қамтылған | Абай 33 |
10 | Мұратұлы Әліби | 4 «ә» | Аз қамтылған, сәтсіз отбасы | Маметова |
11 | Тоқтасын Нұркен | 2 «а» | Көп балалы, үйден оқитын | Жаңақұрылыс |
12 | Жамалбекқызы Сезім | 3 «б» | Аз қамтылған | Райымбек 50 |
13 | Солтанбай Бақберген | 1 «б» | Аз қамтылған | |
14 | Еркінбекұлы Ермұханбет | 5 «а» | Аз қамтылған, көп балалы |
2021-2022 оқу жылында «Міндетті білім беру» қорынан әлеуметтік санаттағы білім алушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне 19.976.000 теңге бөлініп 160 білім алушы күніне бір уақыт ыстық тамақ ішті. Асхана ішінде екі уақыт кварц қойылып, санитарлық талаптарды сақтай отырып білім алушылар тамақ ішті.
- 1 сыныптардан - 22 білім алушы,
- 2 – сыныптардан - 21 білім алушы,
- 3-сыныптардан - 25 білім алушы,
- 4- сыныптардан - 25,
- 5-сыныптардан - 28,
- 6-сыныптардан - 19,
- 7-сыныптардан – 12 ,
- 8-сыныптардан – 7 білім алушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектептегі ыстық тамақ ішетін аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алатын, жартылай жетім, қамқорлықтағы білім алушылар, толық емес, оның ішінде анасымен бірге тұрмайтын білім алушылар. Осы білім алушылардың ата-аналарынан өтініш алынып, құжаттары толық реттелді. Асханаға қыркүйек, қазан, қараша айларында кезекшілік қойылып, журналы уақытылы толтырды. Әр айдың соңында мектепшілік бракераждық коммиссия мүшелері тексеру жасап, хаттамасы жазылды. Тамақтың сапасы мен витамин берілуін мектеп медбикесі бақылауда ұстады.
2021-2022 оқу жылында «Міндетті білім беру» қорынан 90 балаға қыстық куртка, қыстық аяқ-киімдер, сөмкелер келді. Әлеуметтік санаттағы 90 балаға аталған заттар таратылып беріліп, құжаттары толық реттелді.
2021-2022 оқу жылында «Міндетті білім беру» қорынан бөлінген қаражатқа мектептегі әлеуметтік санаттағы 13 оқушы 03.07.2022 күні Қонаев қаласының «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагеріне 10 күнге жолдама алды. Сондай-ақ мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері Е.Сағынбеков пен Ш.Жанбабаева әлеуметтік санаттағы 2 оқушыға аталған лагерьге тегін баруға демеушілік көрсетті.
Қосымша білім беру педагогының атқарылған жұмысы жайлы
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік қағидаларында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің Үлгілік қағидаларында айқындалған.
Мақсаты – қосымша білім беру арқылы білім алушылардың сабақтан тыс уақыттарда шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Оқу бағдарламаларын іске асыру, сапалы құрастыру, орындау
- Әр оқушының бейімділігін, қызығушылығы мен мүмкіндігін ескере отырып, дамуын қамтамасыз ететін білім жүйесін қамтамасыз ету
- Қосымша білім беру мекемелерімен байланысты нығайту
- Тұлғаның жан-жақты қалыптасуына және өзін өзі табысты ұстанымдарға бағыттай алуға қажетті жағдай жасау
- Қоғамдық өмірде икемді тұлғалық және кәсіби сапаларға ие тұлға қалыптастыру
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Осы тұста үйірме жұмысы оған көп көмегін тигізері мол. Осындай міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қосымша білім беру педагогының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалынып, жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс жоспары бағыты, мазмұны, мақсаты және түрі бойынша ұйымдастыру жұмыстарын, дәстүрлі мерекелер мен іс-шаралар, танымдық дамытушылық жұмыстарды, дене-тәрбиелік, бұқаралық, көркемдік-техникалық бағыттардағы жұмыстарды қамтыды.
Ұйымдастыру жұмыстары жалпы үйірме, қосымша білім мекемелеріне қатысатын балаларды анықтап қабілеттеріне қарай бағыттады.
2-4 сыныптарда вариативтік сағаттар есебінен үйірме сағаттары беріліп пән мұғалімдері жоспар жасап кесте бойынша сабақтарын өткізді.
Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне мектебіміздің 158 білім алушысы оқу жылы ішінде аудандық, облыстық, республикалық спорт жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Мектеп бойынша 6 білім алушы спорт шеберлігіне үміткер төсбелгісін алды. Атап айтқанда Жасұланұлы Тимур – 6 сынып, Карл Алижан – 7 сынып, Айтмұқан Қайсар – 10 сынып, Құатнұр Марлан – 10 сынып, Талғатұлы Әділет – 11 сынып, Болат Әли – 10 сынып.
Жыл ішінде Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне 52 білім алушы қатысты және әр сала бойынша өз білімдерін жетілдіріп отырды. Баратбек Абылай «Жетісу жұлдыздары» байқауына қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Дәстүрлі мерекелер мен іс-шаралар, танымдық дамытушылық және көркемдік-техникалық бағыттары бойынша тәрбие саласына қатысты мектептің сыныптар арасында іс-шаралары жасалынып жоспар бойынша өткізіліп тұрды.
Дене-тәрбиелік, бұқаралық бағытының жұмыс жоспары салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатына сай жасалынып бекітілді. Волейбол, баскетбол, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, ұлттық ойындардан аптасына 3 рет ақылы үйірме жүргізілді.
2021-2022 оқу жылында оқушылар арасында өтетін Мектеп лигасы ойындар спартакиадасынан мына төмендегі орындарды иелендік:
- Қараша айында өткен аймақтық волейболдан ұлдар, қыздар командасы жарыста –ІІ орын, Пән иелері Жақыпбайұлы Жанмұрат , Оразай Ерназар
- Желтоқсан айында Аудандық волейбол жарысында ұлдар командасы - ІІ орын, қыздар командасы – ІҮ орын алды. Пән иелері Жақыпбайұлы Жанмұрат, Оразай Ерназар
- Желтоқсан айының 4 күні 7-8 сыныптар арасында өткен аудандық жарыста қыздар командасы екінші орын иеленді пән иесі Жақыпбайұлы Жанмұрат
- Желтоқсан айының 11 күні 7-8, 9-11 сыныптар арасында аймақтық баскетболдан өткен жарыста 7-8 сынып ұлдар командасы бірінші орын 9-11 сынып ұлдар, қыздар командалары бірінші орын алып ауданға жолдама иеленді. Пән иесі Жазаев Асхат.
- Желтоқсан айының 18 күні 7-8, 9-11 сыныптар арасында аудандық баскетболдан өткен жарыста 7-8 сыныптар бірінші орын алып облысқа жолдама ұтып алды. 9-11 сынып ұлдар қыздары екінші орын алды.
- 17-22 наурыз күні «Ұлттық мектеп лигасы» облыстық жарысқа баскетболдан откен жарысқа қыздар командасы барып қатысып келді. Пән иесі Жазаев Асхат.
- 17-22 наурыз күні «Теңбіл доп» «Ұлттық мектеп лигасы» облыстық футзалдан өткен жарыста 9-11 сынып оқушылары үшін орын иеленді. Мақтау мағаздарымен марапатталды. Меліс Олжас , Мұратұлы Мұхтар . Жетекшісі Оразай Ерназар .
- Желтоқсан айының 18 күні Аймақтық стол теннисінен жарыс өтті. Жарыста 5-6 сыныптан Дарханқызы Аяжан 2 орын, 7-8 сыныптан Жасұланқызы екінші орын, 9-11 сынытан Сейітқожа Ақниет 2 орын, ұлдар арасында Ермекбайұлы Әрлен 1 орын алып аудандыққа жолдама алды. Пән иесі Қуаныш Мәди.
- 15.01 күні Аудандық стол теннисінен өткен жарыста 5-6 сыныптар арасында дарханқызы Аяжан 1 орын алды , 9-11 сынып қыздар арасында Сейітқожа Ақниет 2 орын алды Пән иесі: Қуаныш Мәди 12.02 күні аймақтық шахматтан өткен жарыста 7-8 сынып қыздар арасында Азат Аяжан 1 орын, Нүкербек жансая 2 орын алды, 5-6 сынып қыздар арасында 5 сынып оқушысы Әмірбек Гүлден 1 орын, Еренғайып Мерей- 2 орын, 9-11 сыныптар арасында 11 сынып оқушысы Бейсенбай Мейрамбек 1 орын. 9 сынып оқушысы Думан Айдана 1 орын иеленді. Пән иесі Нарынбаев Ертай
- 19.02 күні аудандық шахиматтан өткен жарыста 5-6 сынып оқушысы Әмірбек Гүлден 1 орын, 9-11 сынып оқушысы Бейсенбай Мейрамбек 1 орын иеленді облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Нарынбаев Ертай
- Қараша айында Нарынқол ауылында өткен «Қазақстан Республикасы Тәуелсізідгінің 30 жылдығына» байланысты Аудандық волейбол жарысында қыздара арсында 9-11 сынып қыздар командасы 1 орын, 5-6 сынып қыздары екінші орын иеленді. Жетекшісі Жақыпбайұлы Жанмұрат
- Аудандық айбын жарысында оқушылары -11 сынып оқушылар 2 орын иеленді. Пән иесі Абдрасилов Дархан; Облыстық Жас мергендер жарысында оқушысы – 9 сынып оқушылар Темірболат Дильназ ,Асхатқызы Диана , Ғалымқызы Диана, Ақылбек Інжу -2 орын Жетекшісі Абдрасилов Дархан
- 30.04 күні «мектеп лигасы» оқушылар арасында өткен Көктемгі кросс жарысында 5-6 сыныптар арасында 60 м-ге жүгіруден ақылбек Жақсылық 1 орын,ұзаққа жүгіруден Алтай Мейрамбек -2 орын иеленді .Пән иелері Оразай Ерназар, Жазаев Асхат ;
5-6 сынып қыздар арасында Мақсатқызы Айдана 60 м-ге жүгіруде 2 орын, Ұзындыққа секіруде -2 орын иеленді. Пән иесі Жазаев Асхат :
7-8 сынып қыздар арасында Абиыр Аяла 60 м-ге және ұзақ қашықтыққа жүгіруден 1 орын иеленді . Жетекшісі Жазаев Асхат.
9-11 сыныптар ұлдар арасында ұзындыққа секіруден Бегімбай Алмас 2 орын, 100 м-ге жүгіруден Талғатұлы Әділет – 2орын, Қыздар арасында Сейітқожа Ақниет ұзындыққа секіруден -2 орын, 100 м-ге және ұзақ қашықтыққа жүгіруден 1 орын Жеткшісі Жақыпбайұлы Жанмұрат . осы оқушылар аудандық жарысқа жолдама алды.
- 14.05 күні Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен Президенттік тестен өткен 60 м-ге жүгіруден 9 сынып оқушысы Өкен Аарайлым – 2орын, Кеуде көтеруден 2- орын. Жетекшісі Жақыпбайұлы Жанмұрат.
- Спринттік жүруден 1орын – 11 сынып оқушысы -Сейітқожа Ақниет . 2000 м-ге жүгіруден Сейітқожа Ақниет -3орын.Жетекшісі Жақыпбайұлы Жанмұрат .
- 7-8 сыныптар арасында 60 м-ге жүгіруден 2орын –Абиыр Аяла. Кросс 2000 м-ге жүгіруден 3 орын Абиыр Аяла. Жетекшісі Жазаев Асхат
- 100 м-ге жүгіруден 11 сынып оқушысы Талғатұлы Әділет -2 орын, Белтемірге тартылудан -2 орын. Жетекшісі Мәжит Елдос.
- 9 сынып оқушысы Шыңғыс Фараби белтемірге тартылудан -3 орын. Жетекшісі Жақыпбайұлы Жанмұрат .
- Мектеп оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лига» Облыстық жарысында Волейболдан 5-6 сынып қыздар арасында өткен жарыста 6 сынып қыздары 2 орын иеленді. Жетекшілері: Жақыпбайұлы Жанмұрат, Оразай Ерназар
6 сынып қыздары: 1. Болатхан Айым, 2. Қайшымбек Зере, 3. Алтынбек Ақжан. 4. Әбдраман Ақниет 5. Асқар Мерей, 6. Тоқтамыс Айым,7. Ұланқызы Айша, 8. Сейсенбек Тоғжан
Күзгі қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезіндегі білім алушылардың өмір қауіпсіздігі шаралары жасалынып, бекітілді. Жалпы мектепте каникул шаралары өз мәнінде өтіліп, анықтама жазылып, құжат тігілді
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша атқарылған жұмыстар
Жас жеткіншектерге Отан сүйгіштікке тәрбиелеу,олардың бойына Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында әскери патриоттық жұмыс жоспары құрылған. Ө.Жаңабаев атындағы орта мектепте 10-11 сыныптар Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытылады.Жыл басында жылдық жоспар жасалынып бекітілді . Патриоттық тәрбие бойынша –Жыл басында жоспар жасалынып бекітілді.
1.Қыркүйек айында -Аталған мектепте 11 сыныптармен рухани жаңғыру патриоттық идеясын алға бастыру мақсатында оқушылармен дөңгелек стол өткізілді.Қыркүек айында - «Жас сарбаз» клубы құрылып 20 оқушыдан құрамы толықтырылды. Осы оқушылармен қосымша жұмыстар және «Ерлік» сабағы өткізіліп отырады.Қыркүйек айында- бөлімше командирлерін тағайындау туралы бұйрық шығарылды.Қазан айында -10-11 сыныптармен Тәуелсіздіктің 30 ж байланысты тарихи даталарды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазан айында – Жер сілікінісі ,Қар көшкіні,Өрт т.б байланысты мектепшішілік оқу жаттығу өткізілді. Қараша айында – 9 -10 сынып оқушыларымен Батыр Б.Момышұлы атты тақырыпта кездесу өткізіліп Қарқара газетіне жарияланды.Қараша айында- аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлерімен 9 сынып оқушыларымен «Өрт қауіпсіздігі» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жаднама таратылды.Желтоқсан айында – 2005 ж туған 19 жасөспірімдердің құжаттарын жинау жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында –Тәуелсіздіктің 30 ж байланысты «Мен елімді сүйемін» тақырыбында мектепішілік ән байқау өткізілді.
Мұғалім жетістігі – аудандық үздік АӘжТД оқытушы ұйымдастырушы 2022ж байқауында -1 орынға ие болдым.2021 ж қорытындысы бойынша мектепішілік «Жыл патриоты»» грамота ,облыстық «АЙБЫН»2022 жарысынан алғыс хатпен марапатталдым.Облыстық «ж»ас мерегендер»жарысынын алғыс хат.Республикалық шағын фудболдан грамота және төс белгімен марапатталдым.7 Мамыр ұландар күніне орай Аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталдым.
Оқушы жетістігі- Аудандық «Айбын» жарысынан -2 орын иеленді.Облыстық «Жас мергендер» жарысынан -2 орын. Аудан Жас полиция көмекшілері жарысынан мектеп командасы-2 орынға иеленді.
2021-2022 оқу жылындағы мектеп психологтарының атқарған жұмыстары
2021-2022 оқу жылында мектеп психологтары мектептің оқу- тәрбие жоспарына сәйкес жоспар жасалынып бекітілді. Жоспардың, жұмыс бағытының мақсаты білім берушілер мен білім алушыларға психологиялық сүйемелдеу көрсету және психологиялық денсаулықтарын сақтауға жағдай жасау, көмек беру.
Биылғы жылға жоспар негізгі жоспардың қосымшасы ретінде жасалды. Карантиндік талаптарға байланысты қысқаша түрде қарастырылды және жұмыс бағыттары мен жүргізілу тәртібі өзгерді.
Зорлық- зомбылықтың алдын алу бойынша мектептің 5- 9 сыныптар арасында мектептің әлеуметті педагогы Асанхалықова Айданамен бірлесе отырып «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында арқылы кездесу өтті.
1.10-9.10.2021ж 5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңінің ІІ ІІІ кезеңдер жүргізлді.Диагностикаға 2021-2022 оқу жылындағы зерттеу сыныптың барлық 55 оқушының 50 оқушысы қатысты.Бұл диагностикалық кезңде 5- сынып оқушыларының оқу жүктемесінің өзгеруі және мұғалімдерге қалыптасуы , оқушылардағы танымдық процестердің қыска мерзімді даму және ұзақ қалыптасу дәрежелері педагогикалық кеңесте мектеп ұжымына қорытындысы таныстырылды. Ата –аналар арасында бала тәрбиесіндегі жазалау арқылы тәрбие бердің алдын алу мақсатында ата- аналармен кездесу өткізілді. Ерте жүктілікітің алдын алу шарасы бойынша мектеп қыздарымен Кеген аудандық орталық ауруханасының акушер гинеколог маманымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша кездесу өткізілді.
Суцидтік мінез- құлықтың алдын алу және болдырмау жұмысының алдын алу шаралары бойынша Кеген аудандық орталық мешітінің имамы Сығаев Асқар ұстазбен «Әлем менімен әдемі» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Қысқы каникул шарасындағы әдістемелік апталықта мектеп директорының әдістемелік орынбасары Д.Сейітқожақызымен бірлесіп 4- қаңтар күні мектеп психологы мұғалімдерге оқшаулану кезіндегі мәселерді анықтау кеңес беру,уақытты ұйымдастыру жолдарын көрсету,жағымды көңіл- күй сыйлау мақсатында вебинар өтілді.Вебинардың тақырыбы «Оқшаулану жағдайындағы мәселелер мен мүмкіндіктер және психологиялық сүйемелдеу».«Аңыз Ағаш» әдістемесі арқылы вебинарды бастау.Мұғалімдерге экран арқылы « Аңыз Ағаштың» бейнесін көрсету. Суретте ағаш қандай болып тұр деген сұрақты қою арқылы , әріптестердің не көретінін қазіргі ойларының қандай дәрежеде екенін білу.
Мектептің әлеуметттік педагогы А.Асанхалықовамен 5-8 сынып оқушыларына «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физикалық зорлық зомбылық мәселесі» тақырыбнда кездесу өтті.Оқушыларға зорлық –зомбылық түрелерімен кеңінен таныстырды.
Мектеп психологтар мен мектеп дефектолог, логопедтерімен оқу ісінің меңгерушісі Ж.Еділқызымен және әдістемелік завуч Д.Сейітқожақызымен бірлесе отырып оқудағы олқылықтарды жою мақсатында педагогикалық консилум өткізілді.Педагогикалық- психологиялық пед.консилумнің мақсаты Оқушылардың пәнге деген оқу мотивациясын көтеру мәселелерін талқылау және көмек беру. Осы мақсат бойынша әр түрлі тақырыптарды талқылай отырып , олқылықтарды жою мақсатында психология саласы бойынша жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді.
Мектепке келген жас мамандармен мектепке адаптациялық кезеңдерден өткізу және педагогикалық шеберлікті дамыту және дұрыс пайдалана алу мақсатында жас мамандармен мектеп директорының әдістемелік орынбасары Д.Сейітқожақызмен мкетеп психологтары «Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» тақыбында семинар өтті.
Психолоогиялық диагностикалық,профилактикалық кеңес беру бағытында 11- сынып бітірушілеріне жылдық жоспар жасалынды.
4 «а» «ә»-сыныптардың І кезеңі мамыр айында сынып жетекшілерінің қатысуымен «Көлік» диагностикасы алынды. Осы кезең бойынша танымдық процестермен жұмыс жүргізу және ерте өтпелі кезеңді бастан кешіретін оқушыларлың тізімі алынды, ата- аналарына тансытырылды.Қосымша жазғы уақытта жүргізілетін тапсырмалар әр оқушыға бағыт бойынша берілді.
дефектологиялық ҚЫЗМЕТТІҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР
2021 жылдың 1-қыркүйектен 15 –ші қыркүйекке дейін анықтау зерттеу жұмыстары жүргізілді.2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарын іске асыру мақсатында дамуын , оқуында қиындықтар кездесетін балалармен және қалыпты балалармен түзету - дамыту жұмыстарын жүргіздім, ал түзету жұмыстарының мақсаты болып – ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек көрсету болып табылды.Психологиялық-педагогикалық тексеруде оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері, ауызша сөйлеу тілі, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу тілі, ұсақ қол моторикасы мен негізгі пәндер бойынша (математика, оқуы мен жазуы) тексерілді.Осы оқу жылына тұжырымдамамен 8-білім алушы және ата-ана өтінішімен мұғалім суранысымен 13 оқушы алынды.Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын тексеру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып диктант, көшіріп жазу және мәтінде оқу сияқты тапырмалар берілді.
1-2 - жарты жылдықта жоспарды іске асыру әр баланың психофизиологиялық жеке ерекшеліктерін терең қарастыруды қажет етеді. Балаларды осы бағытта зерттей келе мен өз алдыма келесідей мақсат-міндеттерді қойдым:
Мақсаты:
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
Міндеті:
- Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтік тұрмыстық ортада бағдарлануын дамыту;
- сөздік қорын молайту;
- қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін молайту;
- әдептілік дағдыларын дамыту;
- қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- айналамен таныстыру;
- математикалық таңбалармен таныстыру;
- Сонымен қатар, ОМПМК ұсынысы негізінде мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум ұйымдастырылып, құрамы, жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Психологиялық-педагогикалық қызметі мамандарының жұмыс кестесіне сәйкес оқушылар аптасына 2 рет педагог-дефектологтың түзете-дамыту сабағына алынды.
- Бірінші жартыжылдықта психологтар,логопед,сынып жетешілермен мектеп мұғаліміне инклюзивті білім беру жағдайында оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша кеңес берілді.
- 12.11.2021ж ерекше білім беруді қажет ететін оқшыларға сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарға барлығы 12-мұғалім қатысты. Семинар барысында мұғалімдерге көптеген мағлұматтар айтылып, ЕБҚ бар оқушыларға сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Балалардың психологиялық ерекшеліктерін, компенсаторлық мүмкіншіліктерін, күрделі кемістіктерінің құрылымын ескере отырып, өз жұмысымды төмендегідей кезеңдерге бөлдім:
Анамнезбен танысу. Баланың дамуы жайлы қысқаша мәлімет алу;
Әр баламен жүргізілетін түзету жұмысы аталған жеке дамыту бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сай атқарылды. Жеке дамыту бағдарламасында белгіленген мақсат-міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында күнделікті сабақтан кейін ата-аналарды бүгінде атқарылған жұмыс түрлерімен таныстырып, пайдалы ақыл-кеңестер мен нұсқаулар берілді.
Дефектологтың түзету сабағына ПМПК тұжырымдамасымен барлығы 8-бала қатысты.Ата-ана өтінішімен үлгерімі төмен оқшылар алынды -13бала .
Оқушыларға Жеке дамыту бағдарламасы бойынша келесідей дамыту, Дидактикалық ойындар арқылы шығаршашылық қабілеттерін,логикалық ойлауды,есте сақтауды,бала қиялын дамыту - түзету шаралары жүргізілді:
- Сөйлеу тілін, сөйлеу тілін түсінуін дамыту.
- Жазу тілін дамыту.
- Кеңістікте бағдарлауын және математикалық ұғым туралы түсінігін дамыту.
Бұл топтағы балалармен түзету жұмыстары нәтижелерінде айтарлықтай өзгешіліктер байқалды. Түзету сабағыны келген әр балаға тоқтала кетсем:
Түзету сабақтары барысында–баланың сөйлеу тілін түсінуін және сөйлеу тілін дамыту - түзету сабақтары барысында бала сөздерді, қарапайым нұсқауларды тыңдап және аяғына дейін орындауды үйренді. Сонымен қатар түзету сабақтары барысында, баланың сөйлеу тілін дамытуда, баламен әр – түрлі лексикалық тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Математикалық түсініктерін қалыптастыру - түзету сабақтары барысында «Үлкен – кішкентай», «Ұзын – қысқа», «Биік – аласа», «Жуан – жіңішке», ұғымдармен танысып, сурет бойынша көрсетуге дағдыланды, бірақ атауда педагогтың көмегін қажет етеді. 1-20 дейін тура санауы қалыптасуда. Бірақ ері санай алмайды. Заттарды санын цифрмен сәйкестендіруге дағдыланды. Бала 1- 20 көлемінде сандардың ретімен қоюда педагог көмегін қажет етеді.
Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту - түзету сабақтары барысында бала «Кім?», «Не?», «Кіммен?» «Не істеді?», «Қайда?» «Нені?» «Немен не істеді?» сұрақтарын түсініп, жауап беруге дағдылануда. Түзету сабақтары барысында жылдам оқуға қосып оқуға түсінгенді айтуға дағдыландық . Сонымен қатар бала деңгеіне қарай бағдаршамның түстерін атайды және түстеріне қарап, адамдар жолда жүргенде қандай әрекеттер жасайтынын айтуда педагогтың көмегін қажет етеді. Мысалы: қызыл жанса тоқтайды, сары жанса дайындалады, жасыл жанса жүреді.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту - түзету сабақтары барысында баланың қолының ұсақ моторикасын дамыту мақсатында «шымшып ұстау», «уыстап жинау», «екі қолымен жинау» сияқты түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Бала сабақ барысында кішкентай шелекке жердегі доптарды жинауды, ірі көлемді моншақтарды жіпке тізуге дағдыланды.
Жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасы жоспарланып, коррекциялық сабақтары жүргізілді. Педагогтың нұсқауын, сұрақтарын тыңдап, орындауды, жауап беруге дағдыланды. Заттық суреттерден отбасы мүшелерін атауы, көрсетуі қалыптасты.
- ірі көлемді моншақтарды алақанмен жинау;
- ұсақ моншақтарды шымшып жинау;
- қысқыштарды қыстыру;
Ата – аналармен жұмыс.
Әр атанаға мұғалім дефектологтың сабақ өту бағдарламасы түсіндірілді. Жұмыс барысында ата анамен пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен психологтармен тығыз байланыс жасалды.
Дефектологтың кеңес берушілік қызметінің негізгі міндеті балалармен арнайы жекеленген және топтық сабақтар, математикалық дағдыларын қалыптыстыруға, усақ қол маторикаларын жақсартуға дағдыландыру болып табылады. Сабақ барысында ата аналармен кездесу ұйымдастырылып, кеңестер беріліп, оқушылырмен үйде қандай жұмыс жасау керектігі жайлы ұсыныстар айтылды. Оқу кезінде сабақ үстіндегі көрністер,және видео сабақтар беріп олардан диктант алынды.
Ұсынымдар: Жазғы демалыс кезінде балларға ата-аналарға тапсырма беру, ертегілер оқу түсіну.Қысқаша диктанттар жазу .2-3-4-5 сыныптарға математикадан көбейту таблицасын жаттау, ұсынылды. Балалармен ойларын бөлісу мақсатында «Менің арманым,Ана тілім байлығым» атты шығарма және әр түрлі тақырыптарда диктанттар жазылды .Балалармен талқылау мақсатында көптеген ойлар армандарын білдім .
ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР
Логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардағы тілдік емес функциялардың кемістіктерін және тілдік бұзылыстарды дер кезінде анықтау, негізгі қасиеттерді қалыптастыру арқылы барлық сфераларды (қозғалыс, дем алу, сенсорлық және т.б.) дамыту, тәрбиелеу және түзету, жеке дара ыңғай жасау арқылы сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды түбегейлі жою болып табылады.
Аталмыш мақсатқа жету жолында, логопед – мұғалім ретінде, төмендегідей міндеттерді алға қоямын:
- Ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету.Тілдік моториканы қалыптастыру және дамыту; просодикалық элементтерді дамыту; дыбыстау бұзылыстарын түзету; фонематикалық қабылдауды қалыптастыру және дамыту; сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою және лексико-грамматикалық жағын жетілдіру.
- Оқушылардың жазба тіл бұзылыстарының алдын алу. Балалардың психофизиологиялық деңгейіне сәйкес тілдік және тілдік емес жаттығулар арқылы функционалдық негіз және жағымды орта қалыптастыру.
- Оқушылардың жазба тіліндегі бұзылыстарды түзету. Сауат ашуға қажетті тілдік және тілдік емес дағды және функцияларды дамыту; зияткерлікті дамыту; талдау және жинақтаудың фонематикалық дағдыларын қалыптастыру.
2021 жылдың қыркүйек айында оқушылардың сөйлеу тіліне логопедиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 20 оқушы логопункт тізіміне енді. Оның ішінде фонетикалық – фонематикалық бұзылысы бар оқушылар – 13,ПМПК қортындысы мен 7-оқушы есепке алынды.Қабылданған оқушылардан топтар құрылды. Инклюзивті оқыту бойынша жеке сабақтар жүргізілді. Сабақ кестесі құрылып,сабаққа қатысу журналы уақытылы толтырылады.
Логопед қызметінде жоспарлар құрылып, мектеп директоры бекіткен: логопедиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары, логопедиялық – коррекциялық жұмыстардың әдістемелік жоспары, логопедиялық – коррекциялық түзету жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары (сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жағын тексеру). Жылдық жоспарға негізделе отырып, күнтізбелік жоспар құрылды.
Мұғалім – логопед сөйлеу тілі жалпы дамымаған, фонетика – фонематикалық жетіспеушілік, сөйлеу тілінің бұзылуы бар оқушылар, тұтықпа дәне даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды жүзеге асыру барысында ата – аналармен сауалнама парақшасы толтырылған және оқушылардың сөйлеу карталары жасақталған.
Мектебіміздегі логопед жұмыстарында тіл кемшіліктерін (ұсақ – қол моторикасын, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін) тексеруге арналған құрал – жабдықтар: айналар, тақта, әдістемелік құрал, іс – қағаздары және көрнекіліктер пайдаланылады.
Ең алдымен оларды тілге жасалатын артикуляциялық жаттығулармен таныстырып, жасалу жолдары айтылады. Сонымен қатар қолдың ұсақ моторикасына жаттығулар: мозайкамен жұмыстар, суреттерді бояу, ілгек қадау және күнделікті тыныс алу жаттығулары жасалады. Жоғарыда айтылып кеткен жаттығулардың барлығы да күнделікті сабақтың барысында жасалып отырылады.
Қорытындылай келе, 2021-2022 оқу жылының жылдығында қойылған логопедиялық жұмыстың мақсаты жүзеге асырылды.Тізімге алынған 20-оқушының 13 –не түзету жұмыстары сәтті жүргізіліп логопед есебінен шығарылды.Бұл тізімнен шыққан оқушылар дыбыстарды толық айтып сөздерде , буындарда толығымен қосып ажыратып айта алады.