20
январь
2023
«Білім алушылардың айтылым дағдыларын дамыту» тақырыбында жетекші және серіктес мектептердің арасында семинар болып өтті.
20.01.2023 жылы «Білім алушылардың айтылым дағдыларын дамыту» тақырыбында жетекші және серіктес мектептердің арасында семинар болып өтті. Семинарда қазақ тілі мұғалімі Тоқсанова Әсел, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серік Эльмира, тарих пәнінің мұғалімі Тұрлыханова Қарлығаш, бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Дидар ашық сабақтар, мектеп тренері Оразалиева Калия коучинг өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Н.Толымбетова, Б.Баққожаева және қатысушы ұстаздар семинар соңында кері байланыстарын берді