“Жылдың үздік мұғалімі-2025” мектепішілік байқауы өткізілді. Байқауда әр пән бойынша қатысқан ұстаздар кәсіби деңгейлері, білім мен біліктіліктерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Шығармашылық ізденісімен танылған ұстаздар марапатталып, аудандық кезеңге жолдама алды. @kegen_aydany_bilim_bolimi