2022-2023 оқу жылында аға вожатыйдың атқарған мектепшілік жұмыстары » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылында аға вожатыйдың атқарған мектепшілік жұмыстары
29
май
2023

2022-2023 оқу жылында аға вожатыйдың атқарған мектепшілік жұмыстары

«Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ-    де  2022-2023 оқу жылында  аға вожатый Кенжебай Әйгерімнің  атқарған жұмыстары жайлы

Анықтама

01.09.2022ж «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, отаншылдық» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Білім күніне арналған сынып сағаттарын өткізілді.     

02.09.2022ж «Мектептің  ішкі тәртіп ережесімен таныстыру және оқушының құқықтары мен міндеттері туралы саптық жиын өткізілді. 

02-29.09.22 ж «Шынықсаң шымыр боласын!» денсаулық айлығы          айлығының шарасы жасалынып, шара бойынша дене тәрбиесінің мұғалімдерімен біріге отырып, шаралар ұйымдастырылды. 

05.09.22ж  мектептің өзін-өзі басқару ұйымының  жиыны өткізілді. Мектеп парламентін сайлау үшін жұмыс шарасын жасап, 5-11 сыныптың білімалушылары өз дауыстарын жасырын түрде беру арқылы өткізілді. Нәтижесінде мектеп «Өзін-өзі» басқару ұйымының президенті болып 140 дауыс санымен  11 «ә» сынып білімалушысы Айтмұхан Қайсар болды.   Мектепішілік  бұйрықтары  шығарылып, арнайы жұмыс жоспарлары бекітіліп жұмыстар атқарылды.

14.09.2022 ж  «Абайлаңыз, балалар» мектеп акциясы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұстаздар күні қарсаңында «Ұстаз аты- биік әі мәңгілік» атты құттықтау газеттері мен шағын концерттік бағдарлама қойылды.

20-21.10.2022ж   «Берекелі мерекелі алтын күз» тақырыбында күзгі балл өткізілді. Шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан жұптар  байқау шарттарына сәйкес  әділ бағаланып мақтау қағаздарымен және «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының шағын сыйлықтарымен марапатталды. 

 СӨС бойынша лездемеде  мектеп медбикесінің баяндамасы «Темекі шегуге жол бермейміз» Насыбайдың зияны тақырыбында  баяндамалар оқыды.

08.12.2022 ж  «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі » тақырыбында   дөңгелек  үстел өткізілді. Қыз балаларға  адамгершілік, қыз намысы,қыз сымбаты, сыпайылық, тиянақтылық, гигиена тақырыбында сөз қозғалып, кеңестер берілді.Дөңгелек үстелге  Кеген аудандық аналар кеңесінің мүшесі Сатаева Ғалия, Кеген аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері   Азимжанова  Шырын  Ержанқызы, Кеген аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Бейсеева Ақмаржан, мектеп директоры  Жетибаева Динара Сейтқожаевна қатысты.

09.12.2022ж  Есірткі  заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға  тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне тигізер  кесапаты туралы түсінік  беру мақсатында  ұлдар жиналысы болып өтті.Жиналыста   «Өзіңді таны»  психологиялық тренингі және «Жарық» әдісі арқылы топқа бөлініп, өздеріне берілген тақырыптар туралы ақпараттар беріп, постер  қорғады.

09.12.2022ж  «Зияткер» интелектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «БП  ҚР- ның жастарының бойында «Коктейль Молотва»   эффектісі басым деп есептейді» тақырыбында  пікірсайыс ойыны өтті. Қазіргі таңдағы өзекті проблемалар жастардың  шет елге қоныс аударуы, діни сауатсыздық, электронды тәуелділік туралы сөз қозғалды.

15.12.2022ж  Мектебіміздің бастауыш және 5-сынып оқушыларын «Жас ұлан», «Жас қыран »   ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға  «Жастар ресурстық орталығы» мамандары келіп қатысып, қабылданған жас жеткіншектерге  өз тілектерін  білдірді.

22.12.2022ж «Балалар жылы-2022» жылының қорытынды кеші ұйымдастырылды. Кеште 2022 жылғы білім, өнер,спорт саласында жетістікке жеткен  оқушылардың көрмесі ұйымдастырылып, директордың алғыс хаттарымен марапатталды.

27-28.12.2022ж  «Қош келдің, жаңа жыл! » 1-9 сыныптар арасында мектеп акт залында жаңа жылдық кештер өткізілді. 

29.12.2022ж  9-11 сыныптар арасында балмаскарад өткізілді.

05.01.2023ж  Қысқы  каникул   кезінде  оқушылардың бос уақыттарын тиімді  пайдалану мақсатында 5-6 сынып оқушыларымен  «Кім жылдам?» спорттық жарысы өткізілді.Сонымен қатар «Қыз қызығы» тақырыбында сурет, шығарма байқауы өткізілді.

12.01.2023ж Оқушы мен ұстаз қарым қатынасы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мектептегі оқушы мен ұстаз мәдениеті» тақырыбында 9-11 снып білім алушылар,жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді.Мектебіміздің ардагер ұстаздары қонаққа келіп, оқушылар өз сұрақтарына, қызығушылықтарына тұшымды жауаптар алды.

13.01.2023ж 7-8 сынып оқушыларымен «БП жастардың бойында интернетке тәуелділік басым деп есептейді» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.Үкімет және оппазиция  тараптары   5 минут кақытында кейс құрып, өз пікірлерін еркін жеткізді.

03.02.2023ж Мектебіміздің  «Шапалақ»  жайдарман клубы аймақтық жайдарман ойынынан 1 орын иеленді. Алдағы  аудандық ойындарға   жолдама алды.

20.02.2023ж  Кеген  аудандық   ауруханасының  педиаторы Асем  Әлікенқызымен «Тері ауруынан қалай сақтанамыз?» тақырыбында  кездесу өткізіліп , баяндама оқылды.Түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

21.02.2023ж  «Болашақ өзін-өзі басқару ұйымы» «Алтын жүрек» атты Республикалық челленджге видео материал дайындады.

01.03.2023ж  Алғыс айту күніне арналған  шаралар өткізілді. Шараға мектеп оқушылары толық қатыстырылып  шағын қойылымдар, концерттік  бағдарламалар қойылды.

07.03.2023ж  күні   8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған   бағдарламалар жүргізілді.

16-17.03.2023ж күндері  «Қош келдің-әз Наурыз!» тақырыбында сыныптар бойынша наурыз мерекесін дәріптейтін тәрбие сағаттары өткізілді.

17.03.2023ж Ұлыстың ұл ыкүні мерекесіне орай   «Жалпыұлттық қайырымдылық» акциясы өткізілді.Акция барысында  білім алушыларымыз өздері дәмді бәләштер мен түрлі тағамдар әзірлеп  жәрмеңке жасады.Жәрмеңкеден түскен  қаражатқа  әлеуметтік санаттағы  аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.

18.03.2023ж   Ұлдар ұйымының жетекшісі Қуаныш Мәдидің ұйымдастыруымен «Мектеп бөрісі»   атты қазақ күресінен  жарыс өткізілді.Жарысқа 9-11 сынып ұлдары қатысып өз шеберліктерін көрсетті.Жарыс нәтижесінде 3-орын 10сынып оқушысы Жангелді Мерхат, 2-орын 11-сынып оқушысы Айтмұхан Қайсар, ал «Мектеп бөрісі» белбеуімен 11 сынып оқушысы  Нұрбосын Әли   марапатталды.

08.04.2023ж  «Бүгінгі таңдау- ертеңгі болашақ!» тақырыбында  мамандық таңдау кеші өткізілді.  Кездесуге әр сала мамандары шақырылып, өз мамандықтары туралы   кеңінен ақпараттар берді. Кездесу барысында  қазіргі   қоғамда қажет болған мамандықтар,сұранысы көп мамандықтар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліді.

14.04.2023ж  «Тұлға болып тумайды, қалыптасады» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларымен   дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел қонағы ретінде  жастар ресурстық орталығының маманы, мектеп түлегі  Әділет Жанғабылұлы  шақырылып, еркін форматта  пікір алмасу жүргізіліп, болашаққа бағдарлар берілді.

30.04.2023ж  Халықаралық би күні аясында  «Еркеназ»   қыздар  ұйымы  республикалық челленджге  қазақ-қырғыз   биінен флешмоб дайындап әлеуметтік желілерге жариялады.

10.05.2023ж қыздар және ұлдар ұйымының қатысуымен Ұлы Жеңістің -78 жылдығына  байланысты «Желбіре Жеңіс Жалауы » атты  патриоттық іс-шара  өткізілді. Шарада патриоттық әндер айтылып, өлең жолдары  оқылды.

26.05.2023ж  Жыл жетістігі-мектеп мерейі  тақырыьбында   жалпы ата-аналар жиналыс және  жыл қорытынды кеші  болып өтті.Жиналыста күн тәртібіндегі  2022-2023 оқу жылының аяқталуы, жазғы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Екінші бөлімде  жыл ішінде облыстық, республикалық жетістіктерге жеткен және мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан оқушылар мен ата-аналарға   мектеп директорының алғыс хаттары берілді. Кеш соңы  шағын концерттік  қойылыммен аяқталды.


Кемшіліктер мен ұсыныстар:  Аталған  шаралардың басым  көпшілігі   жоспардан тыс  өткізіліп отырылды. Соны ескере отырып келесі  2023-2024 оқы жылының жоспарын осы  кемшіліктерді ескере отырып тиянақтау.



Аға вожатый                     Ә. Кенжебай 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив