29
сентябрь
2022
Президент сайлауы
Бүгін “AMANAT” партиясы Кеген аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы, аудандық мәслихат депутаты Дарубаева Ғалия Әділжанқызы, “Шипагер” БПҰ-ның төрайымы Мұқанова Гүлмира Төлқожақызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 1 қыркүйектегі жолдауын талқылау және түсіндіру мақсатында Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұтымды пікірлер, орынды ой бөлісулер болды. Сонымен қатар алдымызда келе жатқан үлкен саяси науқан Президент сайлауыда тілге тиек етілді.