Қамқоршылық кеңес » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2018

Қамқоршылық кеңес

Хаттама №11
10 ақпан 2018 жылы «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ-де кіші педагогикалық кеңес болып өтті.

Қатысқаны-55
Қатыспағаны-2

Күн тәртібінде:

1. 10 қаңтар мен 10 ақпан 2018 жыл аралығындағы «Жалпыға Міндетті білім беру айлығының» өтілуі туралы

Тыңдалды:

1.Жетібаева.Д- оқу ісінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №3-18-3/55 хатын, Алматы облысы, білім басқармасының 15 қаңтар 2018 жылғы №29-н бұйрығын, аудандық білім бөлімінің 10 қаңтар 2018 жылғы №3/1 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында мектептің №7 бұйрығы шықты.Соған сәйкес «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығының бұйрығы шығып, іс-шара жоспары жасалынды. Мектеп ұжымына кіші педагогикалық кеңесте таныстырылып, бекітілді.
Айлық шеңбері аясында «Қамқорлық» акциясы 1 ақпан күні өтілді. Акцияға мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Акцияны өткізу іс-шарасы жасалынып, ұжымға тегіс таныстырылды. Мектеп акцияға қатысушыларға арнап, оқушылар комитеті мен мектеп өнерпаздарының ұйымдастырған концертін берді. Акцияға ата-аналар, мектеп ұжымы , оқушылар қатыстырылды.
Акция барысында мектеп формасы, спорт киімі, оқу құралдары демеушілер тарапынан алынды. Жалпы сомасы 103 000 теңге түсті, оған 11 білім алушыға мектеп формасы мен құралдары алынып берілді. Бірінші кезекте мектептегі тұлдыр жетім Тлепалды Нұрбол, қамқорлықтағы балалар Асқарқызы Гүлназ, Бекжан Нұрайға көмек көрсетілді.

Сөйлеушілер:
1. Нарынбаев.Е- тәрбие орынбасары. Акцияға мектеп ұжымы мен әр сыныптың ата-аналары демеушілік жасады. Алдын ала анықталғандай, оқу құралдары мен спорт киімдері алып берілді. Ота жасатуға баратын 4-сынып оқушысы Жөкен Алтынайға қаржылай көмек көрсетілді. Барлық акциядан түскен қаржыға акт жасалынды.


Күн тәртібіндегі мәселе мен сөйлеушілер сөзін ескере отырып кіші педагогикалық кеңес шешім қабылданды.
Шешім:
1. «Қамқорлық» акциясы есебі еске алынсын.
2. «Міндетті оқу айлығы» қорытынды есебі еске алынсын.



Мектеп директоры М.Мухамедиева
Хатшысы: Ә.Чүйкебаева



«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ-нің
10.01-10.02.2018 жылғы «Жалпыға бірдей
міндетті білім беру» айлығының өтілуі туралы
А Н Ы Қ Т А М А
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №3-18-3/55 хатын, Алматы облысы, білім басқармасының 15 қаңтар 2018 жылғы №29-н бұйрығын, аудандық білім бөлімінің 10 қаңтар 2018 жылғы №3/1 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында мектептің №7 бұйрығы шықты.Соған сәйкес «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығының бұйрығы шығып, іс-шара жоспары жасалынды. Мектеп ұжымына кіші педагогикалық кеңесте таныстырылып, бекітілді.
Айлық шеңберінде аясында «Қамқорлық» акциясы 1 ақпан күні өтілді.
Мектептегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын анықталып, тізімі бекітілді. Мектепте 1 тұлдыр жетім,(Тлепалды Нұрбол), қамқорлықтағы 2 білім алушы (Асқарқызы Гүлназ, Бекжан ), 21 жартылай жетім, 23 толық емес отбасы, 16 табысы төмен, 3 жайсыз отбасы, 107 көп балалы білім алушы анықталды. Жайсыз отбасы үйлері араланып, жай-күйлері анықталды.
Мөлтек ауданға мұғалімдер бөлініп, арнайы бұйрық шығарылды. Мөлтек ауданда мектеп жасындағы балалардың мектепке толық тартылуын қамтамасыз ету мақсатында , көше бойынша бөлінген мұғалімдер аралап 0-18 жастағы балалардың есебі жүргізілді. Жалпы мөлтек аудан бойынша 1041 бала бар, оның 0-6 жасы 394, мектеп жасындағы 605, колледжде 38, жоғары оқу орнында 5 бала бар.
9 -сыныпты бітірген оқушылардың еңбекке орналасуы қайта қаралды.
Айлық барысында денсаулығына байланысты Қазақстан Республикасыныңы Білім және ғылым министрлігінің 25.02.2014 жылғы №61 бұйрығына сәйкес және Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы тұжырымдамасы және аудандық аурухананың ДБК қорытындысы негізінде үйден оқитын 3 оқушы бар. 7-сынып оқушысы Талғатұлы Абзал, 3-сынып оқушылары Амирбек Бексұлтан,Бесімбай Нұрдәулеттер көмекші мектеп бағдарламасымен оқытылады. Арнайы мұғалімдер бұйрықпен бөлініп, сағаттар бөлініп берілген, арнайы сабақ кестесі жасалынды.
2017 жылдың 2 қыркүйегінен мектеп буфеті іске қосылды. Қазіргі күнде 65 білім алушы тізімі жасалынып, бір уақыттық ыстық тамаққа тартылды.
Оқушылардың сабаққа қатысуы, себепсіз сабақ қалдырмауы тексеріліп отырылды. Себепсіз сабақ қалдыру фактілері болған жоқ. «Қоғамдық сақшы» жетекшісі Д.Абдрасилов білім алушылардың белсенділік параметрлерін жасап отырды.
Аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп, түнгі кезекшілік ұйымдастырылды. Оқушылардың беймезгіл уақытта көшеде, қоғамдық орындарда т.б жерлерде жүрмеуі қадағаланды. Беймезгіл уақытта жүру, тәртіп бұзу фактілері болған жоқ.
Мектепте «Бар мейірім балаларға» ұранымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияны өткізу іс-шарасы жасалынып, ұжымға тегіс таныстырылды. Мектеп акцияға қатысушыларға арнап, оқушылар комитеті мен мектеп өнерпаздарының ұйымдастырған концертін берді. Акцияға ата-аналар, мектеп ұжымы , оқушылар қатыстырылды.
Акция барысында мектеп формасы, спорт киімі, оқу құралдары демеушілер тарапынан алынды. Жалпы сомасы 103 00 теңге түсті, оған 11 білім алушыға мектеп формасы мен құралдары алынып берілді. Бірінші кезекте мектептегі тұлдыр жетім Тлепалды Нұрбол, қамқорлықтағы балалар Асқарқызы Гүлназ, Бекжан Нұрайға көмек көрсетілді. Ота жасатуға баратын 4-сынып оқушысы Жөкен Алтынайға қаржылай көмек көрсетілді. Оқушылардың сыныптар бойынша іс-құжаттары , алфавит бойынша санының дұрыстығы тексеріліп, бұйрықтардың дұрыс жазылуы мен реттілігі тексерілді.

Орындаған: Д.Жетібаев
Мектеп директоры М.Мухамедиева

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив