Балаға "сіріңкемен ойнауға болмайды!" қауіпсіздік » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балаға "сіріңкемен ойнауға болмайды!" қауіпсіздік
26
апрель
2023

Балаға "сіріңкемен ойнауға болмайды!" қауіпсіздік

Балаға "сіріңкемен ойнауға болмайды!"

 

Балаларды үйде жалғыз қалдырған кезде «олар сіріңкемен ойнамайды, қағаз жақпайды, өртемейді», — деп жайбарақат отыруға әсте болмайды. Өйткені кішкентай балалар от жағуға құмар. Әсіресе, 3-5 жас аралығындағы балалар үйде жалғыз қалғанда еркіндікті сезініп, от шығаруы мүмкін. Егер бала жабық пәтерде немесе бөлмеде қалатын болса, онда тіпті қауіпті. Өйткені өрт болғанда олар бөлмеден сыртқа шыға алмайды. Балалардың ойынынан өрт шығармау үшін не істеу керек: балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі айтыңыз; өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауда оларға үлгі көрсетіңіз; сіріңкені баланың қолы жететін жерге қалдырмаңыз; балаға пеш, газ плитасын жағуды және басқа да электр бұйымдарын өз бетімен қосып, қолдануды тапсырмаңыз; балалардың от жақпауын қадағалаңыз; үйден шығарда баланы үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз; баланың бос уақытын қызықты етіп ұйымдастырыңыз. Баланы өрт кезінде дұрыс әрекет жасауға, ережелерді сақтауға үйретіңіз, өзіңіз үлгі көрсетіңіз. Жану немесе түтіндеу, жоғары температура, күйік иісі байқалса, кез келген жастағы бала дереу үйден шығуы керек. Өрт туралы ересектерге немесе «101» — өрт сөндіру қызметіне, «112» — бірыңғай құтқару қызметіне хабарлау керек.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив