Оқушыларға » Страница 13 » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Зияткер" интеллектуалды пікірсайыс клубы құрылды, клуб
17
февраль
2021
"Зияткер" интеллектуалды пікірсайыс клубы құрылды, клуб
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, "Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Зияткер" интеллектуалды пікірсайыс клубы құрылды, клуб жетекшісі  мектебіміздің математика пәні мұғалімі Алмабек Іңкәр Ербосынқызы болып тағайындалды. "Зияткер" ИПК мектебіміздің 7-10 сынып оқушыларынан арнайы кастинг жариялау арқылы, белгілі критерийлермен құрылған.  Пікірсайыс ойындарын ұйымдастыру барысында, білім алушылар берілген мәселе жайлы өз пікірлерін ортаға салады,
Эссе
10
февраль
2021
Эссе
 Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Отаным - арқа сүйер,қорған белім " атты Мұқағали өлеңдері желісімен 9-11 сыныптар арасында эссе байқауы болды. Байқаудың мақсаты  қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақының өлеңдерін оқи отырып ойларын жүйелі жеткізе білу. Ақын шығармаларының көркемдік мазмұнын ашу дағдыларын қалыптастыру. Ақынның жүрекке жеткен өлеңдерін көңілдерге тоқу.  https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=470369167701640&id=100041856812812
" Жас қыран " ұйымы
06
февраль
2021
" Жас қыран " ұйымы
Алматы облысы,Кеген ауданы,Кеген ауылы,"Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп "КММ " Жас қыран " ұйымының жетекшісі Чинибаева Назгүлдің ұйымдастырумен  3-4 сынып оқушылары арасында, ақын  Мұқағали Мақатаев айлығына байланысты "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін " атты онлайн шара болып  өтті. Шарамыздың мақсаты: Оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.
"Мұзарт таудың мұзбалағы" атты  тәрбие сағаты  өтті.
03
февраль
2021
"Мұзарт таудың мұзбалағы" атты тәрбие сағаты өтті.
3.02.2021    "Ө.Жаңабаев атындағы  орта " КММ 5- сынып оқушылары ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне "Мұзарт таудың мұзбалағы" атты зумм платформасында тәрбие сағаты  өтті. Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақынның  туған күніне орай өткізілген сабақта  "Қарасаз", "Отан", "Үш бақытым", "Ана, сен бақыттысың", "Ризамын", "Шыда, шыда" жəне т. б. өлеңдерін оқушыларымыз жүрекке жеткізіп оқыды.
"Жас ұлан" және "Жас қыран"  ұйымы
18
декабрь
2020
"Жас ұлан" және "Жас қыран" ұйымы
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы "Ө.Жаңабаев орта мектеп"КММ, біріңғай "Жас ұлан" және "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қыздар мен ұлдарды қабылдау, салтанатты жиыны болып өтті. Онлайн жиынға әр ата-ана өз балаларына төс белгі мен галстук тағу  мәртебесін алды.
«Өрт қауіпсіздігі» жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
02
декабрь
2020
«Өрт қауіпсіздігі» жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кезекші сынып білім алушылары арасында 2.12.2020 ж күні «Өрт қауіпсіздігі» жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары
Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі болып өтті.
27
ноябрь
2020
Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі болып өтті.
23.11-27.11.20ж "Ө.Жанабаев атындағы атындағы орта мектеп"КММ "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі болып өтті. Мақсаты: Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Ұлы ақын А.Құнанбаев өлеңдерін оқудан онлайн конкурс ұйымдастырылып нәтижесінде: 9"а" сынып оқушыларының өлең оқу шеберліктері бойынша 1 орын иеленді: 9"ә" сынып