2023-2024 оқу жылына бос және уақытша бос лауазымға қажетті педагогтерге конкурс жариялайды.
«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылына бос және уақытша бос лауазымға қажетті педагогтерге конкурс жариялайды.
Бос лауазымға қажетті педагогтер:
🔵Математика пәнінің мұғалімі – (1 орын негізгі қызметкер орнына, 1 орын уақытша қызметкер орнына)
📌Жүктемесі 1,0 мөлшер, қызметтік төлем еңбек өтілімі мен санатына байланысты.
🔴Мекен-жайы: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Атыханұлы №15.
🔴Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 700 992 87 02, 8 776 259 25 15
🔴Электрондық почта: janabaeva1@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 📌Конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жариялаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.
🟠Конкурс өтетін күні: 23.08.2023 жыл
📌Конкурс Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы Б.Атыханұлы №15 мекен-жайы бойынша өтеді.
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейне презентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
📌Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен ) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
