03
февраль
2022
“Ұлы даланың дара тұлғалары” атты апталық болып өтті.









“Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп” КММ-сінде 31 қаңтар мен 5 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің “Ұлы даланың дара тұлғалары” атты апталық болып өтті. Апталық барысында 8-сыныптармен «Жыр-менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» интеллектуалды сайыс өтілді. Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын ұштастырған тартысты жарыста 8”Ә” сынып оқушылары жеңіске жетіп марапатталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сүйербаева, Г.Ауғанбай, А.Асанғалықова , сынып жетекшілері мен жас мамандар қатысты. Пән мұғалімі : Жетібаева Динара, Бақытбек Майра.