08
март
2022
"Көктем аруы — 2022" байқауы
"Өжек Жаңабаев атындағы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 "Ә" сыныбының қыздарының арасында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Көктем аруы — 2022" байқауы болып өтті. Байқауға 16 қыз қатысып, таныстыру, өз өнері, сән үлгісі және сұрақ-жауап кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Бас жүлдені барлық талаптарға сай келген Нұрдаулет Нұрай иемденіп, "Көктем аруы" атағын алды. Барлық қыздар жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келді. Қыздар 1, 2,3-орындармен және түрлі номинациялармен марапатталды.













