17
март
2023
"Жалпыұлттық қайырымдылық" акциясы өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай мектебімізде наурыз айының 15 мен 17 күндері "Жалпыұлттық қайырымдылық" акциясы өткізілді. Акция барысында білім алушыларымыз өздері дәмді бәліштер мен тәттілер пісіріп, жәрмеңкеге жасады! Жәрмеңкеден түскен қаражатқа әлеуметтік санаттағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.