12
ноябрь
2020
Әдістемелік кеңес











12 қараша 2020 жылы Ө.Жаңабаев атындағы орта мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу мен оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Кеңес барысында физика-математика пәні мұғалімі Л.Құсайынова «PISA бағдарламасы және оның ерекшеліктері» тақырыбында PISA бағдарламасын сабақта қолдану жолдарын жан-жақты түсіндіріп берді. Қашықтықтан жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен бастауыш сынып мұғалімі Ш.Нұрахмет пен «Математика пәні бойынша бағалау мен саралау тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында курстан өткен математика пәні мұғалімі І.Алмабектер өз оқығандарымен бөлісті. Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Д.Жетібаева әріптестерімен пікіралмаса отырып, әдістемелік кеңесті қорытындылады.