11
октябрь
2022
«Тіл-әдебиет» бірлестігінің
«Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ-де өткен «Тіл-әдебиет» бірлестігінің «Ұлы дала мұрагерлері» атты апталығында 5 «А,Ә,Б» сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты шара болып өтті. Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара жарыс түрінде болып, жеңімпаздар марапатталды. Пән иесі: Ауғанбай Гүлдана.