2022-2023 оқу жылындағы бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары жайлы » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары жайлы
29
декабрь
2022

2022-2023 оқу жылындағы бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары жайлы

«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп » КММ бойынша  арнайы педагогтың       2022-2023 оқу   жылындағы бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстары  жайлы

Анықтама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 669 бұйрығы ,51-бұйрығы,Қазақстан  Республикасының  Әділет   министрлігінде  2016  жылы   26 ақпанда № 13272 болып тіркелді. Қазакстан Республикасы Үкіметінің 39-бұйрығы,595-бұйрығы20022 жылдың қаңтар айындағы №6,4,бұйрығына  11.07.2002жылғы  №343 қаулысымен бекітілген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогикалық түзету» шараларының жоспарын жүзеге асыру мақсатында жоспарға сай жекелей жұмыстар жүргізіледі.түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру.Мектеп арнайы маманның   жұмыс жоспары 2022-2023жылының 28-тамыз айынан бастап бекітілді.Оқу жылы басты жоспар бойынша құжаттарды реттеу жұмыстарынан басталды.

Педагог-дефектологтың мақсаты: Балалардағы психофизикалық даму бұзылыстарын анықтау, танымдық үдерістерін түзете-дамыту, оқу бағдарламасын меңгеруге ықпал ету.

Педагог-дефектологтың міндеттері:

  1. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы зерделік немесе сенсорлық бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, балалардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, зерделік және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке дамыту бағдарламасы аясындағы түзете-дамыту жұмысын жүргізу;
  2. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың зерделік және сенсорлық дамуының деңгейін, әр түрлі генезді ерекше бұзылыстар мен кемшіліктердің құрылымын анықтау үшін оларды тереңдете тексеру;
  3. Балалардың дамуындағы ауытқушылықтар, оқушылардағы зерделік, сенсорлық бұзылыстарды саралай диагностикалау, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу;
  4. Сабақ өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психофизикалық, сенсорлық және зерделік жағдайын, олардың жас шамасын есепке ала отырып, топтарды жинақтау;
  5. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысының үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету;
  6. Оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру;
  7. Балалармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі;
  8. Мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы қабылданған шешімдерді орындау және мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері мәселелері бойынша ата-аналарға (олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және кеңестер беру.

  Мектеп бойынша  ОПМПК   тұжырымдамасы бар балалар жетістіктер картасы арқылы  анықталып,құжаттары толықтырылды. Оқушылардың таным қабілеттері, білім көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу  нәтижесінде педагог- арнайы маман  жұмыс жүргізетін  27-оқушы анықталды. 8-білім алушы ОПМПК қортындысымен , 6-үйден оқитын оқушының айына 1-2 барып кеңестер беріліп,ойын түрінде жұмыстар жүргізіледі.13-білім алушы ата-ананың өтінішімен.Жұмыс кестесі мен сабақ кестесі құрастырылды. Ата-ананың   өтінішімен есепке  алынған білім алушылардың төртеуі есептен шығарылды Әр оқушыға аптасына 2-реттен сабақ өтілді.Оқушылардың тексеру нәтижесі бойынша жеке түзету бағдарламасы құрылды,арнайы маман тұжырымдамасы қорытындысы толтырылды. Сондай-ақ осы оқушылардың сабаққа қатысуын тіркейтін журнал   жасалып  толтырылды. Оқушылармен жұмыс жасау үшін жылдық жоспар, күнделікті жұмыс жоспары жазылды.Ата –анамен туындаған  киындықтар мен  сұрақтарға видео, слайдтар жеке байланыстар арқылы кеңестер беріліп отырылады. Жалпы    сабақтың ұзақтығы 25 -45минуттан   тұрады. Оқушыға түзету жұмысы бойынша барлық   тапсырмаларға кері байланыс  беріледі.Қыркүйек –Қазан айларында Педагогикалық психалогиялық қолдау отырысы болып өтті.1-отырысына мүшелері таныстырылып жоспарлары құрылды.2-отырысында Бастауыш сынып мұғалімдерімен өткізілді. Арнайы маман  білім  жетілдіру    мақсатында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс  жасаудың оқу процесін  ұйымдастыру   және  жоспарлау», «Инклюзивті  білім   беру  жағдайында оқу  үдерісін   ұйымдастыру  ерекшеліктері» тақырыбтарындағы білім  жетілдіру  курстарын   оқыдым. 



                            Арнайы маман               Э.Б.Қарашалова 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив