ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп »коммуналдык мемлекеттік мекемесі бойынша ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ
Логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардағы тілдік емес функциялардың кемістіктерін және тілдік бұзылыстарды дер кезінде анықтау, негізгі қасиеттерді қалыптастыру арқылы барлық сфераларды (қозғалыс, дем алу, сенсорлық және т.б.) дамыту, тәрбиелеу және түзету, жеке дара ыңғай жасау арқылы сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды түбегейлі жою болып табылады.
Аталмыш мақсатқа жету жолында, логопед – мұғалім ретінде, төмендегідей міндеттерді алға қоямын:
- Ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету.Тілдік моториканы қалыптастыру және дамыту; просодикалық элементтерді дамыту; дыбыстау бұзылыстарын түзету; фонематикалық қабылдауды қалыптастыру және дамыту; сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою және лексико-грамматикалық жағын жетілдіру.
- Оқушылардың жазба тіл бұзылыстарының алдын алу. Балалардың психофизиологиялық деңгейіне сәйкес тілдік және тілдік емес жаттығулар арқылы функционалдық негіз және жағымды орта қалыптастыру.
- Оқушылардың жазба тіліндегі бұзылыстарды түзету. Сауат ашуға қажетті тілдік және тілдік емес дағды және функцияларды дамыту; зияткерлікті дамыту; талдау және жинақтаудың фонематикалық дағдыларын қалыптастыру.
2022 жылдың қыркүйек айында оқушылардың сөйлеу тіліне логопедиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 14 оқушы логопед тізіміне алынды .Логолпедиялық оқыту бойынша жеке сабақтар жүргізілді. Сабақ кестесі құрылып,сабаққа қатысу журналы уақытылы толтырылады.
Логопед қызметінде жоспарлар құрылып, мектеп директоры бекіткен: логопедиялық қызметтің 2022-2023оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары, логопедиялық – коррекциялық жұмыстардың әдістемелік жоспары, логопедиялық – коррекциялық түзету жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары (сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жағын тексеру). Жылдық жоспарға негізделе отырып, күнтізбелік жоспар құрылды.
Мұғалім – логопед сөйлеу тілі жалпы дамымаған, фонетика – фонематикалық жетіспеушілік, сөйлеу тілінің бұзылуы бар оқушылар, тұтықпа дәне даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды жүзеге асыру барысында ата – аналармен сауалнама парақшасы толтырылған және оқушылардың сөйлеу карталары толтырылған .
Мектебіміздегі логопед жұмыстарында тіл кемшіліктерін (ұсақ – қол моторикасын, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін) тексеруге арналған құрал – жабдықтар: айналар, тақта, әдістемелік құрал, іс – қағаздары және көрнекіліктер пайдаланылады.
Ең алдымен оларды тілге жасалатын артикуляциялық жаттығулармен таныстырып, жасалу жолдары айтылады. Сонымен қатар қолдың ұсақ моторикасына жаттығулар: мозайкамен жұмыстар, суреттерді бояу, ілгек қадау және күнделікті тыныс алу жаттығулары жасалады. Жоғарыда айтылып кеткен жаттығулардың барлығы да күнделікті сабақтың барысында жасалып отырылады.
Қорытындылай келе, 2022-2023 оқу жылының жылдығында қойылған логопедиялық жұмыстың мақсаты жүзеге асырылды. Жалпы 2022-2023 оқу жылында логопед аманының тізіміне 14-оқушы алынды,олардың 4 ОПМПК қорытындысы бойынша қалған 10 оқушы сұраныспен,ата-аналар өтініші бойынша есепке алынды.Осы оқушыларға жыл ішінде жоғарыда айтылған жұмыстар сәтті жүргізілді. Тізімге алынған 14-оқушының 10 –на түзету жұмыстары сәтті жүргізіліп логопед есебінен шығарылды.Бұл тізімнен шыққан оқушылар дыбыстарды толық айтып сөздерде , буындарда толығымен қосып ажыратып айта алады.
Ата-аналаға:
Жалпы жыл ішінде 3 рет ата-аналар жиналысы болып,ата-аналарға кеңестер беріліп,сауалнамалар жүргізілді.
Мұғалімдерге:
Бастауыш сынып мұғалімдері , әлеуметтік педагог,психолог,оқу ісі орынбасарымен бірлесіп 2 рет психологиялық- педагогикалық қолдау отырысы болып ЕБҚЕБ балалар туралы айтылды.
Аудандық «Иновациялық аялдама» семинарында 10-15 минут логопед сабағынан үзінді ұсындық.
Мектеп логопеді: А.Аскарова