2022-2023 оқу жылының жыл бойынша жұмыстары » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылының жыл бойынша жұмыстары
01
июнь
2023

2022-2023 оқу жылының жыл бойынша жұмыстары

«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылының

жыл бойынша жұмыстарының жүргізіліуі туралы

Анықтама

Жыл басында жоспарға сай мектептің оқу тәрбие жұмысының жоспары жасалынып,іс-шаралар жүзеге уақытылы атқарылуда.2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазакстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 каңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілді.Акцияныұйымдастырып,өз мектебіміздегі барлық азаматтарына,бизнесмендерге,кәсіпкерлерге,меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесімен қосу ұсынысы мен жүгінді.

 Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алды,оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алуда мектебімізде өз үлесін қосты.

 Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға,жетім балаларға,сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталауына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

     Акция 2022 жылдың 1 тамызынан,аяқталуы-2022 жылдың 30 қыркүйегінде болып өтті.Атаулы акцияда «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп»КММ-не 1 сыныпқа  51 білім алушылар тартылып,нақты оқытылып отыр.Жалпы мөлтекте оқуға қабылданбай қалған бала жоқ.

Мектепке жол акциясы кезінде 1 сыныпқа қабылданған балалар ішінен әлеуметтік санаттағы 5 білімалушыға қаржылай көмек көрсетілді.Атап айтқанда:Нұргелді Кәусар,Бақыт Нұрәлі,Тоқтасын Азат,Бақытбек Расул,Нұрдәулет Аяжан, осы оқушыларға «Міндетті білім» қорынан қаржылай көмек берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2020 жылғы  13 тамыздағы №345 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 28 желтоқсан 2020жыл №548 бұйрығы негізінде әзірленген «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» 6-тарауына білімалушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыруға әдістемелік ұсынымдар берілген.Осы тарауды басшылыққа ала отырып білімалушылардың үлгерімінің төмен болуына әсер еткен факторлар мен себептерді мектеп психологы,дефектолог,логопед және әлеуметтік педагог мамандары анықтап,есеп берді.

Пән бірлестіктерінде білімалушылардың оқу пәндері бойынша оқу үлгерімінің әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау үшін отырыстар өткізілді.

Жалпы мектептегі білімалушылардың білімдеріндегі олқылықтар анықталғаннан кейін,оларды жою және толықтыру мақсатында мектепшілік іс-қимыл жоспары жасалынды.Жұмыс жоспарында 1тоқсандағы білім сапасы мен алынған бөлім және тоқсандық жиынтықтарды,директорлық бақылаулармен салыстырмалы талдау жасалынды.

Оқытылып жатқан 12 білімалушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою,толықтыру үшін пән мұғалімдері анықтап алған мәліметтері негізінде жұмыс жоспарын жасап,қосымша сабақтар өткізіп жатыр.Қосымша сабақтарда  да 12 баладан артық шақырылмады.Мектеп әкімшілігі қосымша сабақтар кестесін жасап,кабинеттерді реттеп берді.

Мектеп әкімшілігі ата-аналармен жиналыс өткізіп,әдістемелік ұсынымды таныстырып,балаларына қосымша сабақ ұйымдастырылатынын хабарлады.Мектеп психологы үлгерімі төмен білімалушылардың ата-аналарымен жеке сұхбат жүргізді.


«Пәнге деген мотивациясы төмен балалармен жұмыс ұйымдастыру жолдары»тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді.Бұл кеңесте ата-аналар мен білім алушылардан алынған сауалнамалар арқылы жұмыстарды қалай ұйымдастыруға болатыны туралы пән мұғалімдеріне көмек берілді.

I тоқсан бойынша төменгі білім сапасын көрсеткен 4«Б»,9«Ә»,11 «Ә» сыныптарына сабақ беретін пән мұғалімдерімен де әңгіме сұхбат жүргізілді. I тоқсанда алынған БЖБ мен ТЖБ жұмыстары әр бірлестікте талданып,әр сыныптағы пән бойынша қиындық тудырған оқу мақсаттары талданды.Педагогикалық кеңесте қаралып,қиындық тудырған оқу мақсаттарына көктемгі каникул кезінде тағы да іс-қимыл жоспары жасалынып,қосымша сабақтар ұйымдастырылды.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін көмек көрсету мақсатында күзгі каникул кезінде 8,9,11 сыныптарға математика пәнінен ерікті мұғалім қосымша сабақ өткізді.Ол білімалушылар төмендегідей:

1.2ә сынып Қайыңбаев Мирас 

2.2а Мұхтар Інжу

3.2б Мәтжан Қарлығаш

4.3а Құрманәлі Айжан

5.3ә Бақытбек Мансур

6.6а Өсербай Дарын

7.9ә Қасымбай Ақниет

8.10ә Нұржұмаұлы Сұлтан

9.10ә Қасымбай Айзат

10.6б Мұратбекұлы Алихан

11.4ә Нұргелді Ләзилә

12.4а Көпжасар Кәусар

     Қорыта келгенде жүйелі жұмыстардың арқасында 0 срезбен салыстырғанда I тоқсанда білім сапасы 11 пайызға көтерілді.Білімалушылардың да сабаққа қызығушылықтары мен белсенділіктері артып келеді.Жыл басы - 542 оқушымен бастадық.8 оқушы келіп,4 оқушы кетті.Жалпы мектепте-546 оқушы отыр.Қызы-246.Ұлы-300

   Жалпы I тоқсанның қорытындысы сыныптар төмендегідей нәтиже көрсетті:


0 срез

тоқсан

2-сынып

0%

71%

3-сынып

61%

73%

4 сынып

62%

60%

2-4 сыныптар

61%

68%

5-сынып

61%

75%

6-сынып

54%

66%

7-сынып

57%

63%

8-сынып

58%

65%

9-сынып

55%

63%

5-9 сыныптар

57%

67%

10-сынып

60%

64%

11-сынып

62%

63%

10-11 сыныптар

61%

65%

2-11 сыныптар

58%

67%


 Әр сыныптың сапа көрсеткіштерін айтар болсақ,2а-71%,2ә-71%,2б-71%,3а-75%,3ә-75%,4а-70%,4ә-59%,4б-58%,5а-80%,5ә-80%,5б-63%,6а-70%,6ә-69%,6б-61%,7а-61%,7ә-65%,7б-65%,8а-72%,8ә-63%,9а-74%,9ә-52%,10а-75%,10ә-60%,11а-74%,11ә-53%-ЖАЛПЫ МЕКТЕП 67% көрсетіп отыр.

 Аталған сыныптардың ішінен мектеп сапасынан төмен сапа көрсеткен 4ә-59%,4б-58%,5б-63%,6б-61%,7а-61%,8ә-63%,9ә-52%,10ә-60%,11ә-53% сыныптарымен жүйелі жұмыстар жасалынып,сыныптарда зерттеу сабақтары жүргізіліп жатыр.


      PISA-2022 халықаралық зерттеуіне «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп »КММ бойынша 31.08.2022ж мектепішілік  бұйрық шығарылып,жасы 15-16 жасқа толған 9-10-11 сыныптардан құралған 28 оқушыны және 15 оқушыны кезекте (қосымша) таңдалынып алынды.Жыл басынан «PISA» халықаралық зерттеуге дайындау іс-шара жоспары жасалынды.15-16 жастағы білімалушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру, таныстыру жұмыстары жүргізілді. Математика, жаратылыстану, тіл сабақтарының пән мұғалімдерімен семинар өтілді.Жалпы қолымыздағы бар әдістемелік құралдармен және Bilimcenter.kz порталынан ақылы доступ алып,дайындық жасадық.Пән иелері күнделікті сабақ жоспарларына PISA тапсырмаларын қосып дайындап отырды.Мектебіміздегі ноутбуктарға PISA тапсырмаларын жүктеп дайындадық.

      Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша  PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларға қолдана білу машықтарын,нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.

     PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жас 2 ай мен 16-жас 3 ай аралығындағы оқушылардың оқу,математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес,ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

     Осы орайда «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп »КММ 16.11.2022 жылы PISA халықаралық зерттеу жүргізілді. Зерттеуге 28 білімалушы толық қатысты,бірақ 1 білімалушы   Боранбай Ғазизат басқа мектепке ауысып кеткендіктен,орнына алмастырушы білім алушы Өкен Арайлым кірді және өз мүмкіндіктерін сынға салды.Алмастырушы білімалушының  справкасы эксперттерге берілді.Қастысқан білім алушыларға сәттілік тілеп,мектеп оқушылары шағын патриоттық-концерттік бағдарлама ұсынды!

      Қазақстанда зерттеу жұмысын Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Ақпараттық талдау орталығы»АҚ орталығы жүргізді және PISA халықаралық зерттеуінің өткізілуін сапалы ұйымдастырып,осы зерттеуге  белсенді қатысқанымыз үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.Аталған мектепте халықаралық зерттеулерге дайындық жұмысьары жоспарға сәйкес жүргізіліп,бақылануда.4,9 сыныптардан 2 рет ББЖМ тесті алынып,қорытындысы шығарылды.

ҚР оқу-ағарту министрінің 16.09.2022 жылғы №399 оқу жұмысы бағдарламаларының қолжетімділігінің,олардың іске асырылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі мен бағытына сәйкестігін,құрылымына,мазмұнына,рәсімделуіне,оқу жұмыс жоспарларын қабылдау және бекіту тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бақыладық.

Бақылау обьектілері:пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау.Тексеру мерзімі:  2022 жылғы  5-9 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды.

Бақылау нәтижелері:Мектепішілік бақылау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде,сондай-ақ 2022-2023 оқу жылының басталуын ұйымдастыру мақсатында  2022 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға тексеру жүргізілді.

Бұған дейін пән мұғалімдеріне күнтізбелік -тақырыптық жоспарлауға қойылатын талаптар туралы ұсыныстар берілген.Күнтізбелік -тақырыптық жоспрада мыналар көрсетілуі керек:пән,сынып,сағат саны, (жылдық,апталық,тоқсандық,сабақ саны,оқушылардың білімін бақылау сабақтарының саны және олардың түрлері:бақылау жұмысы,практикалық және зертханалық жұмыстар,тоқсандық бақылау жұмыстары,бақылау жұмыстары,пайдаланылған әдісемелік әдебиеттер,күнтізбелік -тақырыптық жоспарлау мектептің барлық мұғалімдерімен түсіндірме жазбаларымен құрастылған.Тексеру кезінде мұғалімдердің барлық күнтізбелік және тақырыптық жоспарлауы қамтамасыз етілді.Тексеру көрсеткендей,жоспарлауды құру кезінде мұғалімдер мыналарды пайдаланды.-Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі ұсынған оқу бағдарламалары;-тиісті пән бойынша тақырыптық жоспарлау;-2022-2023 оқу жылына арналған мектеп бағдарламасы;Барлық пән мұғалімдерінінің негізгі аталған талаптарды қанағаттандыратын вариативті бөлімнің сағаттарының тақырыптық кестелері мен жұмыс бағдарламалары тексерілді.Барлық күнтізбелік тақырыптық жоспарларда түсіндірме жазба,бақылау бөлімдерін өткізудің нақты күндері болды.Түсіндірме жазбалар субъект жұмысының өзектілігін көрсетілген ,алдағы жұмысының мақсаттары мен міндеттері нақты тұжырымдалған.Күнтізбелік -тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасына сәйкес,әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған,бірақ жекелеген мұғалімдерде аздаған кемшіліктер болды.Бірақ ауызша пікірлерден кейін барлық кемшіліктер түзетілді.

Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:

  1. Барлық мұғалімдер жұмыс бағдарламаларын уақытылы тексеруге тапсырды.
  2. Негізінен мұғалімдер жұмыс бағдарламаларының құрылымына,мазмұнына,рәсімделуіне,қабылдау және бекіту тәртібіне,күнтізбелік және тақырыптық жоспарлауды дайныдауға қойылатын талаптарды сақтайды.
  3. Оқу-тақырыптық жоспарлауда мұғалімдер бағдарламаның тараулары мен тақырыптарын оқу ретін ашып көрсеткен.
  4. Оқу сағаттарын тараулар мен тақырыптар бойынша бөлу оқу жүктемесінің максималды көлеміне қарай жүзеге асырылған.

     Аталған имектепте II тоқсан бойынша жалпы мектепте 551 бала отыр,II тоқсанда 13 білімалушы келіп, 8 білімалушы кетті.Оның ішінде қызы 254,ұлы 297 болып отыр.Жалпы білім сапасы 70% болып отыр.I  тоқсанмен салыстырғанда  3%-ға артты.

Мектеп сапасында төмен сапа көрсетіп отырған сыныптар- 6Ә, 6Б, 9Ә, 4Ә, 4Б.Аталған сыныптармен зерттеу сабақтары жүргізілуде.Мектепте мектеп сапасынан жоғары сапа көрсеткен сыныптар- 2а,ә,б, 3а,ә,5а,ә, 8а,9а, 11а, 10а сыныптары болса,мектеп сапасымен бірдей сыныптар 4 а сыныбы болып отыр.

Жалпы І жартыжылдық және II тоқсандық білім сапасы төмендегідей маниторингте көрсетілген.

 

 



Орыс тілі мен әдебиеті

 


 

 


 

 

 



 


 

 





 

 

 




 

 

   Жыл басынан 4,9,11 сыныптарда БЖБМ және халықаралық зерттеу тесттері бойынша жұмыстар басталыны,жұмыс жоспарлары жасалынып,атқарылуда. Биылғы оқу жылында 62 оқушы 4-сыныпты аяқтап, 63 пайыз ортақ сапа болса, 9-сыныптарды 45 оқушы 77 пайыз білім сапасымен аяқтап негізгі мектеп бітіру аттестатын алайын деп отыр. Бастауыш сыныптарда білім сапасы тест байқау нәтижесінде 73 пайыз көрсетсе, 9сыныптарда 58, 10-11-сыныптарда -73 пайыз болды.

     Білім алушыларды  қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау үшін пән мұғалімдері  АКТ құзыретті болу керек. Сондықтан қазіргі заман талабы сол, түрлі сайттармен жұмыс істеу талап етілуде.

     Мектепте wi-fi істеп тұрғандықтан кез келген уақытта  интернет желісі арқылы  itest   бағдарламасы бойынша 11 сыныптарды дайындауға болады.

Математика,қазақстан тарихы пәндерінен  видеоларды көру және көрсету арқылы дайындауға болады. Орыс тілінен, қазақ тілінен тыңдалым, оқылым, жазылым туралы онлайн тапсырмалармен жұмыс істесеңіздер болады.

Мынандай онлайн режиминдегі сабақтарды дайындықтарды білім алушыларға көрсетіп өздерін жұмыс істетуге ыңғайлы.

 

 


 


11 А сынып

11 Ә сынып

Жалпы ортақ балл

72 б

68 б

70 б




9 Ә сыныбының көрсеткіші


 

 

 


     Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
    Әр тоқсанда оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарылуда.

ІІІ тоқсандағы білім сапасы бойынша 2-11 сыныптарда төмендегідей нәтиже көрсетті.









                                                                                                                                                                                 

















































Жалпы ІІІ тоқсан бойынша  бір сабақтан «3» болған білімалушылар анықталды.Олар: 

2 Б сынып – Сайлаубай Ерсұлтан орыс тілі пәнініен;

7 Ә сынып – Күнболатұлы Диас  қазақ тілі пәнінен;

6 А сынып – Темірбай Дархан орыс тілі пәнінен;

7 Б сынып – Камза Нұрым қазақ тілі пәнінен;

2 А сынып – Нұртаза Алихан орыс тілі пәнінен және Саятұлы Айсұлтан орыс тілі пәнінен олқылық болып отыр.Аталған білім алушылармен ІҮ тоқсанда шара жасап,пән иелері жұмыс атқаратын болады.

       Жалпы ІІІ тоқсанды 551 оқушымен бастап,549 оқушымен аяқтадық.

Тоқсан ішінде:

5 оқушы келді

7 оқушы кетті

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы. «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 26 сәуір – 12 мамыр аралығындағы хатын, «Алматы облысының білім басқармасы»мемлекеттік мекемесінің 21.04.2023 жылғы хатын,Кеген аудандық бідім бөлімінің 21.04.2023 жылығы  №54 бұйрығынбасшылыққа ала отырып, мектептің 24.04.2023 жылғы №135 бұйрығына сәйкес жұмыстар атқарылуда. 

Осыған орай атылған мектепте, ББЖМ-ті сапалы өткізу мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

-мектепішілік мониторингті өткізуге жауапты үйлестірушілер бекітілді;

- мектепте ББЖМ ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

- білім алушылар үшін қауіпсіз жағдайлар тиісті ұйымдастырылды;

       - 4,9 сыныпта жалпы – 42, 4 «Б» сыныбында – 20 білім алушы,9 «А» сыныбы  - 22 білім алушы білім жетістіктерінің мониторингі тестілеуіне толық қатысты. 

       Мектеп базасында тестілеуге 2 аудитория белгіленді 3-этажда №15,17 кабинеттер белгіленді. Нақты уақытта интернет жылдамдығы 22 мбит/сек көрсетіп отырды. Қосымша интернет желілері мен моб.қосымшасы қосылды. Нақты 53 ноутбук    іске қосылып, білім алушыларды сол компьютермен жылдам жұмыс жасауға тырысты. Алайда сеть дұрыс болмай,білім алушылардың жауап берулері баяулап, уақыттан ұтылды.

Сондай-ақ, ББЖМ-нің объективті өткізілуін сырттай бақылау үшін
 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері өз істерін жақсы бастап, аяқтап кетті.Ешқандай бұзақылық, жауапсыздық болған жоқ.

       Аталған мектепте ББЖМ қорытындысы бойынша кеткен кемшіліктер мен сапаны талдау мақсатында, әр сынақтан шыққан білімалушылардан алған баллдарын сұрап,жазып отырдық.Нәтижесін мектепішілік бақылауда ұстау мақсатында төмендегідей талдау жасалынды:

Сыныбы

Оқу сауат-тылығы.


Оқу сауаттылығы тоқсандық

Айырма



Мате-матика


Тоқсандық


Айырма



Жаратылыстану 


Тоқсандық



Айырма



Жалпы

Орта сапа

1

9 «А»

60%

86%

26%

23%

78%

55%

33%

81%

48%

40%

2

4 «Б»

53%

65%

9%

40%

65%

25%

50%

80%

30%

47%


        Жалпы мектептің ортақ сапасы  43,5%  көрсетіп отыр

       Алдағы уақыттта олқылықтардың орнын толыруға іс-шара жоспары жасалынып, жұмыстар жасаймыз.

ІҮ тоқсанды 549 оқушымен бастап, жыл соңын 550 баламен аяқтап отырмыз.

Қызы – 251

Ұлы – 299

І ауысымда – 280 оқушы оқыды

ІІ ауысымда – 270 оқушы оқыды

Үздіктер саны  - 105

Екпінділер саны - 258

Мектептің жалпы ІҮ тоқсандық сапасы – 71 % , жылдық білім сапасының көрсеткіші - 73 % болып  тұр.

     Жалпы жыл басында жасалынған мектепішілік бақылау басшылық жоспарындағы  жұмыстардың бәрі толық атқарылып,келесі жылға дайындық жұмыстары басталды.Алайда 2022-2023 оқу жылындағы бақылау басшылық жоспарындағы кемшіліктерді анықтап, келесі жылға қайталанбауын көздеп отырмыз.  

2.Мөлтек аудан бойынша жүргізілген жұмыстар. 

Міндетті білім беру айлығы бұйрығы негізінде мектепке бөлінген ауданға 25 көше бойынша 05 тамыз 2022 жылғы № 169  бұйрығымен 50 мұғалім бөлінді. Бөлінген мұғалімдерге мөлтек аудан бойынша жүргізілетін жұмыс шарасымен таныстырып, түсіндірілді. Жыл ішінде 2 рет толығымен араланып, нақты есебі алынды. Бөлінген көшелер үнемі назарда болып отырады. Мектеп жасындағы балалардың мектепке толық қамтылуы қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, 0-6 жастағы балалардың балабақшаға, шағын орталыққа тартылуы да анықталды. Басқа мөлтек ауданға барып оқитын балалар анықталып, есебі жүргізілді. Жоғары оқу орнында және колледж, кәсіптік лицей мектептерінде оқитындардың анықтамалары алынып, реттелді.

      0-18 жастағы балалардың тізімі мен есебі алынып, ауыл әкімшілігі мен емхана бөлімімен салыстырылып, реттеліп отырылды.

    Міндетті білім беру дәптеріне жазалып,жеке көше бойынша есеп жүргізілді. Мөлтек аудан бойынша: барлық оқушы-1084, Мектепте оқып отырғандары-646, басқа мектепке барып оқитындары-261, басқа мөлтек ауданнан келіп оқитындары-177.

3.Үйден оқыту

2022 – 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы 595 бұйрығымен бекітілген «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес және «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 31.08.2022 жылғы   №111 бұйрығы негізінде 6 білім алушы үйден оқытылады. 

  1. 8- сынып білім алушысы Бесімбай Нұрдаулет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25.02.2014 жылығы №61 бұйрығының 3- қосымшасымен жеке  оқу бағдарламасымен.
  2.  8- сынып білім алушысы Амирбек Бексұлтан  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25.02.2014 жылығы №61 бұйрығының 2- қосымшасындағы оқу жоспары негізінде жеке оқу бағдарламасымен оқытылады. 
  3. 1-сынып білім алушысы Дарханқызы Алима жеке оқу бағдарламасымен оқытылады. 
  4. 2-сынып білім алушысы Әмірбек Әли жеке оқу бағдарламасымен оқытылады. 
  5. 3-сынып білім алушысы Тоқтасын Нүркен жеке оқу бағдарламасымен оқытылады. 
  6. 4-сынып білім алушысы Нұрлыбек Алинур жеке оқу бағдарламасымен оқытылады. 

     Жыл ішінде үйден оқитын білім алушылардың үй-жайы мен мұғалімдердің сабақ өткізуі   мектеп әкімшілігі тарапынан төрт  рет тексеріліп, әкімшілік отырысында және кіші педагогикалық кеңесте  тыңдалды. 

          Пән мұғалімдері үйден оқитын оқушылардың жай-күйі, сабақ қабылдауы туралы бір  рет мектеп әкімшілігінде және кіші педагогикалық кеңесте  есеп берді. Амирбек Бексұлтан мен  Бесімбай Нұрдәулетке динамикалық бақылауды әр пән иесі үнемі жүргізіп  отырады. Амирбек Бексұлтан мұғалім көмегімен жаза алады, айтады. Тез ұмытады. Үнемі қадағалауды қажет етеді. Математикадан 20-ға дейін санайды, есептеу қабілеті орташа. Бесімбай Нұрдаулетте мұғалім көмегімен жазады. Тез ұмытады. Әмірбек Әли мен Дарханқызы Алима үнемі оңалту орталығында   қадағалануда.Мұғалімдеріміз сол орталыққа барып,дәріс береді.

   Қорыта келгенде, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, үнемі назарда ұстап отыру қажет. Мектеп психологы үнемі жұмыс жүргізіп   келеді.  

 4. «Д» есепте тұрған оқушылары жайлы

2022-2023 оқу жылында қыркүйек айында 8 бала «Д» есепте болған, қаңтар айында қайта тексеруден өткенде 10 бала есепке алынды.   Мектеп білім алушыларын жылына 2 рет дәрігерлік тексеруден өткізді.  Міндетті оқу қорынан «Д» есептегі 5 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 







Оқу ісінің орынбасары                А.Тенгебаева



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив