Алматы облысының прокуратурасы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау үшін күнделікті қызметте цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысының прокуратурасы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау үшін күнделікті қызметте цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.
18
октябрь
2022

Алматы облысының прокуратурасы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау үшін күнделікті қызметте цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.

Алматы облысының прокуратурасы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау үшін күнделікті қызметте цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.
Мысалы, кәсіпкерлердің, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау саласында сервистік өнімдер әзірленіп, іске қосылды.
Жобаның мәні QR-кодтарды (білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік қызмет объектілері) қолжетімді орындарға орналастыру болып табылады.
Айта кету керек, платформаның жұмысы өте қарапайым. Яғни, сайтқа кіру смартфон камерасын QR кодтарына бағыттау және клиенттік бағдарламаның өрістерін дәйекті түрде толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Содан кейін сигнал дереу прокуратура қызметкерлеріне талдау және жедел әрекет ету үшін түседі.
Инновация бизнеске кеңес беру және құқықтық көмек көрсету үшін де қолданыла алады.

Мысалы, Алматы облысы бойынша QR-кодтардың келесі саны орналастырылды:
1. Білім беру мекемелеріне - 562 (оның ішінде мектептерде-485, балабақшаларда-70, колледждерде - 7);
2. Денсаулық сақтау мекемелерінде - 166 (оның ішінде ауруханаларда - 28, емханаларда - 138).

3. Кәсіпкерлікпен айналасатын мекемелерде 1000 нан астам нысанның qr коды орнатылған

Бұл тәсіл прокуратураны халыққа жақындатады және азаматтар үшін қарым-қатынас тәсілдерін едәуір жеңілдетеді, бұл өз кезегінде олардың уақытын үнемдейді және құқықтардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Егер Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда немесе сіз аталған салалардағы бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, QR-кодтарды пайдалана аласыз және одан әрі жұмыс істеу үшін жүктей аласыз және Алматы облысының аумағында осындай фактілер туралы жедел хабарлай аласыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив