Қамқоршылық кеңес отырысы
Хаттама № 5
10.09.2020 жылы Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті.
Қатысқаны-6
Қатыспағаны-0
Күн тәртібінде:
- 2020-2021 оқу жылындағы мемлекеттік бюджеттен көмек алатын толымсыз, толық емес және көп балалы отбасы балаларына міндетті білім беру қорынан келген киімдерді оқушыларға бөліп беру жайлы.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ш.Тұрсынұлы сөз алды.
1. 2020-2021 оқу жылындағы мемлекеттік бюджеттен көмек алатын «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы саны ұлдарға арналған 44 /қырық төрт/ аяқ киім, қыздарға арналған 83 /сексен үш/мектеп формасы, қыздарға арналған спорттық киім 42 /қырық екі/ жартылай жетім және көпбалалы отбасы балаларына берілді.
2. Ш.Мекебаев – қамқоршылық кеңесінің мүшесі - келген киімдерді оқушылардың дене мөлшеріне байланысты, дәл қазіргі уақытта киімге мұқтаж оқушыларға бөліп беруіміз керек.
Аталған мәселені тыңдай келе қамқоршылық кеңесі шешім шығарды.
Шешім:
- 2020-2021 оқу жылындағы міндетті білім беру қорынан бөлінген курткаларды толымсыз, толық емес, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен көп балалы отбасының балаларына бөлініп берілсін.
- Киімдерді таратып беру қамқоршылдық кеңес төрағасы Ш.Тұрсынов, кеңес мүшелері А.Асанғалықоваға тапсырылсын.
Кеңес төрағасы: Ш.Тұрсынов
Хатшысы: А.Асанғалықова