Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Хаттама № 6
10.09.2020 жылы Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті.
Қатысқаны-6
Қатыспағаны-0
Күн тәртібінде:
1. 2020-2021 оқу жылындағы мемлекеттік бюджеттен көмек алатын толымсыз, толық емес және көп балалы отбасы балаларына міндетті білім беру қорынан келген киімдерді оқушыларға бөліп беру жайлы.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ш.Тұрсынұлы сөз алды.
1. «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2020-2021 оқу жылындағы мемлекеттік бюджеттен және жергілікті бюджеттен бөлінген техникалық құралдарды, оның ішінде, «леново» ноутбугы, планшет, компьютерлерді Толымсыз, толық емес, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына берілуі.
2. Ш.Мекебаев – қамқоршылық кеңесінің мүшесі - келген киімдерді оқушылардың дене мөлшеріне байланысты, дәл қазіргі уақытта киімге мұқтаж оқушыларға бөліп беруіміз керек.
Аталған мәселені тыңдай келе қамқоршылық кеңесі шешім шығарды.
Шешім:
1. 2020-2021 оқу жылындағы қашықтықтан оқытуға байланысты бөлінген техникалық құралдарды толымсыз, толық емес, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен көп балалы отбасының балаларына бөлініп берілсін.
2. Техикалық құралдарды таратып беру қамқоршылдық кеңес төрағасы Ш.Тұрсынов, кеңес мүшелері А.Асанғалықоваға тапсырылсын.
Кеңес төрағасы: Ш.Тұрсынов
Хатшысы: А.Асанғалықова