01
сентябрь
2020
"Әділдікке үндеген Кожа Ахмет Яссауи " тақырыбында, Адалдық сағатымен басталды.
Жаңа оқу жылы "Әділдікке үндеген Кожа Ахмет Яссауи " тақырыбында, Адалдық сағатымен басталды. Бүгін Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен ,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай "Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп" КММ де,1-11 сыныптар арасында бірыңғай онлайн жалпыреспубликалық "Адалдық сағаттары" өткізілді. Іс-шарамыздың негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық ,әділдік, парасаттылық, сенім сынды маңызды құндылықтарды дәріптеу. дәріс Тұран даласының XII ғасыдағы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидың адал қағидаларын түсіндіруге арналған, Түркі әлемінің дамуындағы Яссауи адалдық қағидаларын түсіндірген. Түркі елінің дамуына, мемлекет арасында достық қарым - қатынасты қалыптасуына Яссауидың рөлі ерекше.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев
Қожа Ахмет Яссау Орталық Азия елдерінің оның ішінде Қазақстандағы барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп деп атап өткен.
Бейне дәрістерде оқушылар мен студенттер "Ақыл-кітабы", "Диуани-Хикметте" жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады