26
январь
2021
"Жемқорлықпен қалай күресіміз" атты вебинар өтті


Бүгін 9-10 сыныптар арасында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мен "Жемқорлықпен қалай күресіміз" атты вебинар өтті. Вебинарымыздың мақсаты “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды анықтап, пайда болу жағдайлары туралы оқушылар пікір алмасты . Сыбайлас-жемқорлықтың қоғам дамуына ,адам өміріне қандай кері әсер ететіндігін жайлы ой -пікірлерін ортаға салды.“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.
Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр.
Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына да кері әсерін тигізуде, болашақтағы еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде.