29
январь
2025
"Қыз қылығымен — әдемі, әдептілігімен — сәнді" тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
"Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп" КММ-де 29 қаңтар күні "Қыз қылығымен — әдемі, әдептілігімен — сәнді" тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Қыздар жиналысының мақсаты — қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екнін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Жиналыста талқыланған мәселелер:
1. Қос бұрымды белден асатын, шашпаулары сыңғырлаған, қос етекті бүрмелі көйлекті қыздар қазір бар ма?
2. Салт-дәстүрімізді бойына сіңірген әдет ғұрпымыз қылығынан байқалатын қыздарды кездестіріп жүрміз бе?
3. Қазіргі қыздар қандай болып бара жатыр?
4. Болашақ қайда бастап барады?
5. Кім оларға ақыл айтып, жол көрсетеді?
Жиналысқа шақырылған қонақтардан Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Шамшидинқызы қатысып, қыздарға ақыл-кеңестерін айтып, ақ батасын берді. Мектеп директоры Д. Сейтқожақызы баяндама жасап, қыздарға берілген тақырып бойынша пікір-талас туғызып, өз ойларымен бөлісті.
Қоғамның пікірін тыңдап, бірге ән шырқады.
Біздер қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймыз. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен дейміз. Заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяндық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүру керектігін естен шығармағаны абзал!
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі,— дегендей қазақ қызы деген атқа лайық ата-анаға сөз келтірмейтін, ұлттық дәстүрімізді құрметтеген, инабатты, ибалы, білімді болып өсейік, қыздар!
@new.tarbie
@kegen_aydany_bilim_bolimi
#біртұтастәрбиеалматыоблысы
#жаңабаев_мектебі
#қыздарұйымы
#қыздаржиналысы