Іс-шаралар » Страница 5 » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жазғы мектеп" сабақтары жоспарға сәйкес жүргізілуде
28
май
2024
"Жазғы мектеп" сабақтары жоспарға сәйкес жүргізілуде
27 мамыр мен 31 мамыр аралығында 5-8,10 сыныптар арасында "Жазғы мектеп" сабақтары жоспарға сәйкес жүргізілуде Негізгі мақсаты – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру
"Мектебім, саған мың алғыс" атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді
25
май
2024
"Мектебім, саған мың алғыс" атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді
Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп КММ  "Мектебім, саған мың алғыс" атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. 2023-2024 оқу жылында 30 түлек мектепті аяқтады.  Мектеп директоры Жетибаева Динара Сейткожаевна түлектер мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, білім шаңырағының мәртебесін  көтеріп жүрген шәкірттер – республикалық, облыстық, аудандық түрлі байқаулар мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.
"Білімім - Отаныма" атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
24
май
2024
"Білімім - Отаныма" атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Бүгін 1-11 сыныптарында оқу жылының аяқталуына орай "Білімім - Отаныма" атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.  Тәрбие сағатында Оқу- ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың құттықтау сөзімен басталып,  сыныптарда өзара жыл ішінде жеткен жетістіктерін атап айтып,  құттықталды.  Отан туралы сыныппен талданып,  топтық жұмыстар жүргізілді.
"Мамыр- Ынтымақ айы" айлығы аясында  "Демалыста кітап оқимыз"  атты тақырыпта
16
май
2024
"Мамыр- Ынтымақ айы" айлығы аясында "Демалыста кітап оқимыз" атты
"Мамыр- Ынтымақ айы" айлығы аясында  "Демалыста кітап оқимыз"  атты тақырыпта 5-7 сыныптар арасында Отандық,  шетелдік жазушылардың шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өздері  оқыған кітаптарын салыстыра отырып, пікір алмасты.  Мақсаты:  Оқушылардың ақыл ойын дамыту,  ой-пікірлерін жетік, сауатты жеткізе білуге үйрету, бос уақыттарын тиімді пайдалану,  өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттыру.
9 мамыр Жеңіс күніне байланысты "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді.
14
май
2024
9 мамыр Жеңіс күніне байланысты "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді.
Мектепшілік 7"ә" сынып оқушылары арасында  9 мамыр Жеңіс күніне байланысты "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді.  Мақсаты:  Болашшаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу
9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты тәрбие сағаты өткізілді
13
май
2024
9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты тәрбие
3"б" сыныбымен  9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты тәрбие сағаты өткізілді  Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.  Сынып жетекші:Ш. Нұрахмет
“Игі істер” акциясы
10
май
2024
“Игі істер” акциясы
🌱🌱🌱”Мамыр-Ынтымақ айы” айлығының іс -шара жоспарына сәйкес 10.05.2024 жылы “Игі істер” акциясы аясында мектебіміздің 9-10 сынып білім алушылары ауылымыздың тұрғыны Арынова Тұрар апамызға барып көмек көрсетті. #біртұтастәрбие #Ынтымақайы
"Ерлер есімі ұрпаққа өнеге"   атты тақырыбында 5-7 сыныптарға  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
10
май
2024
"Ерлер есімі ұрпаққа өнеге" атты тақырыбында 5-7 сыныптарға кітап
9 мамыр - Жеңіс күніне орай  "Ерлер есімі ұрпаққа өнеге"   атты тақырыбында 5-7 сыныптарға  кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Жас ұрпақты Отанын сүюге,  қорғауға,  мақтан тұтуға,  туған еліне деген құрмет, жеріне  деген сүйіспеншіліктерін арттыру