Іс-шаралар » Страница 7 » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кітап " күні
17
апрель
2024
"Кітап " күні
Бүгінгі дүниежүзілік  "Кітап " күніне орай  Аудандық кітапханада аудан ақыны Жазықбеков Бірлік  Сапарғалиұлымен кездесу өткізілді. Мектебіміздің 5,6- сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынның "Құмсағат" атты жаңа кітабының тұсаукесеріне куә болды. Оқушыларды кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Бақытбек, А.Асанғалықова апарып қайтты.
"Ізденейі,үйренейік жас маман!"  атты жас мамандар апталығы
17
апрель
2024
"Ізденейі,үйренейік жас маман!" атты жас мамандар апталығы
Мектепте "Ізденіс" жас мамандар мектебі жұмыс жасайды.Биылғы оқу жылына 8 жас маман өздеріне міндеттелінген істі жауапкершілікпен атқарды.Жас ұстаздардың алды биылғы оқу жылының үш жылын артқа тастап, көптеген жетістіктерге жетті. Мектебімізде "Ізденейі,үйренейік жас маман!"  атты жас мамандар апталығы өткізілді.  Мақсаты: Іздене отырып үйрену және жас өрендердің қызығушылығын арттыру ,логикасын дамыту.
Футболдан жарыс өткізілді.
16
апрель
2024
Футболдан жарыс өткізілді.
6-8 сыныптар арасында Футболдан жарыс өткізілді.  Мақсаты:  Оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті: 1 орын 8"ә" сыныбы  2 орын 8"а"сыныбы  3 орын 7"ә" сыныбы марапатталды. Пән иесі:Е.Оразай
"Эстафеталық ойындар" тақырыбы
15
апрель
2024
"Эстафеталық ойындар" тақырыбы
15-19.04 аралығында "Спорт -ұландар " апталығының ашылуына байланысты   "Эстафеталық ойындар" тақырыбында  5 сыныптар арасында жарыс өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын, ептілігін, икемділігін дамыту. Пән иесі:М.Қуаныш
"Ғарыш әлеміне саяхат"  атты тақырыбы
11
апрель
2024
"Ғарыш әлеміне саяхат" атты тақырыбы
12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай 4 "А"  сыныбымен "Ғарыш әлеміне саяхат"  атты тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Оқушыларға ғарыш әлемі туралы мағлұмат бере отырып, ғарыш әлеміне деген  қызығушылықтарын арттыру.
"Жыр керуені" жобасы
10
апрель
2024
"Жыр керуені" жобасы
Мектебімізде 10 сәуір күні Абай Құнанбаевтың шығармаларын дәріптеу мақсатында " Абай әлемі" атты әдеби- сазды кеш өткізілді.  Кеште Мектеп театрының оқушылары "Абай " қойылымын қойса, "Жыр керуені" жобасының үздіктері өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ұйымдастырушы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Асанғалықова
“Кітапхана - күн шуағы білімнің” атты  тақырыбында
05
апрель
2024
“Кітапхана - күн шуағы білімнің” атты тақырыбында
Халықаралық балалар кітабы күніне  орай “Кітапхана - күн шуағы білімнің” атты  тақырыбында, 6 сынып оқушыларына аудандық кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.  Мақсаты: Жас оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
" Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында
03
апрель
2024
" Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында
Бүгін 6 "а " сынып оқушылары Кеген ауданының Орталық кітапханасына барып, әр түрлі кітаптар алды.  " Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында,  балалар күнде кешкі сағат  20.00-21.00 аралығында алған кітаптарын оқиды.  Сол оқыған кітаптарынан түсінгенін қоңырау уақытында сынып жетекшісіне айтып, басқа балалармен алған әсерлерімен бөліседі.Нәтижесінде екі апта уақыт өткен соң алған кітаптарынан өзіне түйген, білгендерін Орталық кітапхана қызметкерлерімен бірге дөңгелек үстел үстінде талдайды.  Сынып
"Наурыз — жыл басы"  тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
19
март
2024
"Наурыз — жыл басы" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
1 "А" сыныбында  ұлттық мерекені насихаттай отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында "Наурыз — жыл басы"  тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Наурыз мерекесі туралы,  қазақтың ұлттық салт-дәстүрі,  тағамдары, ойындары туралы мағлұматтар алып, өлең-жырларымен, билерімен бөлісті. "Самалық" дәстүрі көрсетілді.