“Еңбек – өнер» пән бірлестігінде өткен апталық


















«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ “Еңбек – өнер» пән бірлестігінде өткен апталық
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің 2020-2021 оқу жылындағы 16.11.2020 ж.-20.11.2020ж. аралығында «Ынта болса адам да, қиын іс жоқ ғаламда» атты еңбек – өнер пән бірлестігінің апталығы болып өтті.
Апталқтың басты мақсаты: Мұғалімдердің қашықтықтан білім беру аясында жаңартылған білім мазмұнына сай жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың көркем еңбек, музыка, пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және қолөнер бұйымдарын жасауда білім алушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру.
Апталықтың жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Сол жоспар бойынша мұғалімдер сыныптан тыс шараны өткізді. Осы апталықта пән мұғалімдері ZOOM платформасы арқылы сыныптан тыс шараларды өткізді.
Сулеева Ляззат – 4 «а» сынып оқушыларымен «Өнерлі өрге жүзер», Бақашов Ерлан 8 «а» сынып оқушыларымен «Жігітке жеті өнерде аз» сайыс сабақ, Конекбаева Шолпан 8 «а» сынып оқушыларымен «Қазақ халқының ою – өрнек әлемі» сайыс сабақ, Бөкшінов Бақберген 7 «а» сынып оқушыларымен «Суретшілер әлемі» жарысын өткізді және Жетен Бақытгүл 8 «ә» сынып оқушыларымен «Өнерлінің өрісі кең» атты.сыныптан тыс шараларын өтті. Сыныптан тыс шараға мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты.