15
сентябрь
2025
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
15 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Қыркүйек айынан бастап мектеп асханасынан 1- 4 сынып аралығынан 93 оқушы, әлеуметтік санаттағы оқушылар саны , жалпы 300 білім алушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Асханада сабынның болмауы,тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың таңбаланбауы анықталды.Жалпы асхана таза, қызметкерлерлердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Тағам ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай. Қайнаған су күніне 2 рет ауыстырылып, Шыны ыдыстар қолданылады. Тамақтың сапасы дәмді және тойымды. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтап отырады. Келген азық-түліктің сапасы мерзіміне қарап қабылданады. Тәуліктік сынамалар дұрыс сақталған, Сынамада тамақ атауы, күні, уақыты және асхана диетологының қолы қойылған. Бақылау порциясы яғни бір баланың тамағы өлшемі нормаға сай, беті жабысқақ пленкамен жабылған. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана жұмысы қанағаттанарлық.