19
январь
2026
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
19 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижесі төмендегідей болды. Қазіргі таңда бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар жалпы 303-ді құрап отыр. Оның ішінде 1-4 сынып бойынша 210 оқушы тамақ ішсе, 5-11 сынып бойынша әлеуметтік санаттағы 93 білім алушы қамтылды. Арендатор есебінен әзірге 10 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.Қазіргі таңда мектебізге ыстық тамақты бақылау бойынша аппарат орнатылып,оқушылар QR- дан өту арқылы ыстық тамақ ішіп отыр.Күнделікті мектептің әлеуметтік педагогы және мектеп диетологы тағамның менюге сәйкестігін және құрамын,грамын бақылап отырады.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар және жеміс, көкөністі сақтайтын орындар азық-түліктің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.Тәуліктік сынама алу мен сақтау қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері талапқа сай. Асхана қызметкерлері уақтылы медициналық тексеруден өткен.Медициналық тексерудің мерзімі өтейін деп тұрған қызметкерлерге алдын ала мектеп мейірбикесі уақыты өтпей медициналық тексеруден өту керектігі ескертілді.Тоңазытқыш- технологиялық жабдықтар жалпы жеткіліксіз болғандықтан асхананы жалға алған кәсіпкерге ескертіліп айтылды.Мектеп асханасындағы диетолог маманы А.Аралбек нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бракераж журналына жазу арқылы дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізіп отырады.