Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы » Ө.Жаңабаев орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі"
"Жанабаев орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72)77-72-14-05
Есепші бөлімі:
+7(72)77-72-14-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
12
январь
2026

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

09  қаңтар   күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижесі төмендегідей болды. Қазіргі таңда бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар  жалпы   310-ді құрап отыр. Оның ішінде 1-4 сынып   бойынша   217 оқушы тамақ ішсе, 5-11 сынып бойынша әлеуметтік санаттағы  93 білім алушы қамтылды. Арендатор есебінен әзірге 13 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.Қазіргі таңда мектебізге ыстық тамақты бақылау бойынша аппарат орнатылып,оқушылар QR- дан өту арқылы ыстық тамақ ішіп отыр.Күнделікті мектептің әлеуметтік педагогы және мектеп диетологы  тағамның менюге сәйкестігін және құрамын,грамын бақылап отырады.
Бракераж комиссиясы мектеп асханасының  санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар және жеміс, көкөністі сақтайтын орындар азық-түліктің сақталуы мен тұтыну  және еттің жарамдылық мерзімін тексерді. Тәуліктік сынама алу мен сақтау қамтамасыз етілгендігі анықталды. Аспазшылардың сырт киімдері талапқа сай.Асхана қызметкерлері уақтылы медициналық тексеруден өткен.Медициналық тексерудің мерзімі өтейін деп тұрған қызметкерлерге алдын ала мектеп мейірбикесі  уақыты өтпей медициналық тексеруден өту керектігі ескертілді.Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жалпы жеткіліксіз болғандықтан асхананы жалға алған кәсіпкерге ескертіліп айтылды және бракераж комиссиясының мүшесі директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары М.Омишевке қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалау, вентиляцияның дұрыс жұмыс жасамай тұрғандығы  ескертілді.Мектеп асханасындағы диетолог маманы  А.Аралбек үнемі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бракераж журналына жазу арқылы дайын тағамның сапасына    органолептикалық  бағалау жүргізіп отыру,аспазшыға тағамның  шығымына қарай тамақты өлшеп салу және асхана меңгерушісіне   асхананы жан – жақты қадағалау тапсырылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив